Су тасқыны: Үкімет Арқалықта баспанасынан айырылғандар үшін 405 млн теңге бөлді

ТЖ режимі жарияланған басқа облыстарда да зардап шеккен нысандарды техникалық тексеру, бағалау және тізбесін жасау бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Malim Админ

  • 12.04.2024

Үкімет қаулысымен су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қостанай облысы Арқалық қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін Үкіметтің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінді,деп хабарлайды Malim.kz

Қаражат Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы Арқалықта комиссия тұруға жарамайды деп тапқан баспана иелеріне  жаңа үй сатып алу үшін нысаналы трансферт түрінде Қостанай облысының әкімдігіне жіберілді. 

Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайы Республикалық штабтың бақылауында. Бүгінде үлкен судың қарқыны бәсеңдеп, қауіптің беті қайта бастады. Қалалық және аудандық әкімдіктер табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан мүлкі бүлінген азаматтардан материалдық шығынды өтеу туралы өтініштерді тіркеді. Бағалау комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша шешім қабылданды. Сонымен бірге Арқалық қаласында және басқа да елді мекендерде үйлерді тексеру жұмыстары жалғасып жатыр, - делінген хабарламада.

ТЖ режимі жарияланған басқа облыстарда да зардап шеккен нысандарды техникалық тексеру, бағалау және тізбесін жасау бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Қауіптің азаюына қарай су тасқыны кезінде зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселелері шешіледі.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

19.05.2025

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025
MalimBlocks