Су тасқыны: Үкімет басшысы біржолғы өтемақы төлеуді апта соңына дейін аяқтауды тапсырды

Баспанасынан айырылған тұрғындар үшін зардап шегушінің өз таңдауы бойынша жаңа үйлер салынады немесе нарықтан дайын баспана сатып алынады.

Malim Админ

  • 17.04.2024

Премьер-министрі Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды.

Бүгінгі таңда зардап шеккен 3 561 отбасына жоғалған мүлкі үшін 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы түрінде шамамен 1 млрд теңге төленді. Зардап шеккендерге өтемақы төлеу процесі осы апта соңына дейін аяқталады. 

Баспанасынан айырылған тұрғындар үшін зардап шегушінің өз таңдауы бойынша жаңа үйлер салынады немесе нарықтан дайын баспана сатып алынады. Саяжай бойынша, егер олар зардап шеккен адамның жалғыз үйі болса, осындай тетік қолданылатын болады.

Кеңесте су тасқыны салдарынан зардап шеккен өңірлердің әкімдері келтірілген залалды өтеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың ағымдағы нәтижелері туралы баяндады. Мәселен, Павлодар облысында демейшілермен бірге  119 үй бойынша залал өтеліп, тұруға жарамсыз 5 үйдің құрылысы басталды. Қостанай облысында зардап шеккендер үшін Арқалық қаласынан 27 пәтер сатып алынды, 1 600 отбасына әлеуметтік көмек төленді. Ақтөбе облысында 44 отбасына 94,3 млн теңге көлемінде материалдық шығын өтелді; 57 жаңа үйдің құрылысы басталды. 

Әкімдіктердің жедел деректері бойынша бүгінде зардап шеккен үйлер саны – 9 627, оның ішінде 9 610 жеке, 17 көппәтерлі тұрғын үй. 2 123 үйге жүргізілген техникалық тексеру нәтижелеріне сәйкес 1 067 үй қалпына келтіруге жатпайтыны анықталды, ал 1 056 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілген. 

Зардап шеккен тұрғын үйлерге келтірілген залалды бағалау жұмыстары жалғасуда. 

Үкімет басшысы бұл алдын ала жасалған деректер екенін және бірқатар өңірлердегі күрделі су тасқыны жағдайын ескере отырып, шығын ауқымы арта түсуі мүмкін екенін атап өтті. 

Президент су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың барлығына барынша көмек көрсетуді басты міндет етіп қойды. Су тартылған өңірлерде әкімдіктер зардап шеккен азаматтардың, жоғалған немесе бүлінген мүліктердің тізімін жасау және бағалау жұмыстарын аяқтап, шығындарды өтеуге кірісуі керек. Бұл ретте, тізімге үйлері сау, ешқандай зардап шекпеген адамдар кіріп кетпеуге тиіс. Комиссиялардың жұмысын ешқандай бюрократияға салмай, жедел ұйымдастыру қажет. Барлық тиісті қызметтер жұмылып, күшейтілген режимде жұмыс істесін, — деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Зардап шеккен өңірлер әкімдіктеріне жауапты тұлғаларды жекелеген учаскелерге бекіте отырып, су басқан ғимараттарды техникалық тексеру жұмыстарын жедел аяқтау, жобаларды жергілікті жерге байланыстыру үшін тез арада жаңа жер телімдерін анықтау тапсырылды. Премьер-министр ықтимал су тасқынынан барынша қауіпсіз, даму перспективасы жоғары және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген дайын учаскелерді пайдалануды басымдық ретінде белгіледі.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Олжас Бектенов NU және НЗМ Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді

02.12.2024

Қайтарылған актив: Риддерде аурухана салынады

20.11.2024

Олжас Бектенов мектептегі тамақ сапасын жақсартуды тапсырды

19.11.2024

Сабындыдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

17.11.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді тапсырды

12.11.2024

Үйі жоқ барлық азамат кезекке тұра алады

11.11.2024
MalimBlocks
Олжас Бектенов NU және НЗМ Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді

Үздік рейтингке кіру үшін NU білім беру сапасы мен тиімділігін арттыру бойынша тәсілдер айтылды

Қайтарылған актив: Риддерде аурухана салынады

Үкімет 2021 жылы басталған аурухана кешенінің құрылысын аяқтау үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдады

Олжас Бектенов мектептегі тамақ сапасын жақсартуды тапсырды

Премьер-министр Тамақтану стандартын әзірлеудің президент тапсырмасы екенін айтты

Сабындыдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Ал жарылыстан үш адам қаза тапқан

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді тапсырды

Үкімет отырысы барысында одан әрі пайдалануға жарамсыз тұрмыстық баллондарды қолданыстан шығару және утилизациялау мәселесін шешу қажеттігі атап өтілді

Үйі жоқ барлық азамат кезекке тұра алады

Үй беру азаматтың табысы мен мәртебесіне сәйкес жүргізіледі