Суға батқан адамдарды құтқарған атыраулық полицейлер марапатталды

Полицейлер Атырау облысы Құрманғазы ауданы полиция бөлімінде қызмет етеді.

Malim Админ

  • 20.06.2024

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен Атырау облысының Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің инспекторы Роман Насихан мен Жандос Ибатуллаев наградталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Олар суға батқан адамдарды құтқарып қалған. 

Полицейлер Атырау облысы Құрманғазы ауданы полиция бөлімінде қызмет етеді.

Оқыс оқиға 2023 жылғы 25 желтоқсан күні сағат 19:20 шамасында Құрманғазы ауданының Шарон өзенінде болған. 

Қыстың ызғары енді сезіле бастаған мезгіл. Орта жастағы әйел мұз үстімен өтуді жөн көреді. Алайда сол кезде мұз ойылып, ол суға түсіп кетеді.

Дәл сол уақытта аудандық полиция бөлімінің саптық жиынынан тарап келе жатқан полиция қызметкерлері тез арада оқиға орнына жетуге бағыттама алады. 

Хабарламаны естіген Тәрбие және кадр бөлімшесінің инспекторы Роман Насихан да уақыт өткізбей жеке автокөлігімен оқиға орнына жеткен. Оқиға орнына бірінші жеткен ол автокөліктен арқан жіп алып мұз үстіне шығады. Шығар сәтте көмекке келген ер адамның да мұз ойығына түсіп кеткенін көрген. Сол кезде патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлері мен Жандос Ибатуллаев көмекке келіп, суға кеткен әйел адам мен оны құтқаруға оқталып, өзі де ойылған мұз құрсауында қалған ер адамды аман алып қалған. 

Жұқа мұз үстіне бір уақытта 10-ға жуық адам шыққан сәтте мұз ойығы одан әрі үлкейген. Бірақ бар күш-жігері мен мол тәжірибесін салған полиция қызметкерлері адам өміріне араша болар сәтте аязды күн мен мұз құрсауындағы суға қарамастан, 27 жастағы ер адам мен 64 жастағы әйел адамды жағаға аман-есен шығарады.

Фото: Атырау облыстық ПД

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

02.04.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

01.04.2025

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

01.04.2025

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

31.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады,

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірлеген

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті