Шымкентте көпірдің бір бөлігі опырылды

Тұрғындардың қалаға қатынауы қиындаған

Мәди Саматұлы

  • 08.06.2024

Шымкентте көпірдің бір бөлігі опырылып, Жаңаталап шағын ауданы тұрғындарының қалаға баруы қиындады, деп хабарлайды Malim.kz. Otyrar.kz жазуынша, көпір аталған қағын ауданды қаламен байланыстырып тұрған жалғыз өткел.

Оқиға орнында қазір апатты қалпына келтіру жұмыстары басталған. Тұран ауданы әкімі таңға дейін жергілікті тұрғындарды айналма жолмен қамтамасыз етуге уәде берді. Жергілікті тұрғындар әзірге жүруге болатын жалғыз қара жол ғана бар екенін, ол шамамен 6 шақырым екенін айтады. Көпір арқылы өтетін жолды полиция қоршауға алған.

Тұран ауданы әкімі Берік Әшірбековтің айтуынша, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқандықтан жергілікті билік көлік қозғалысының жаңа бағытын қарастырып жатыр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өткел сонау кеңес заманында салынған, соңғы рет жөнделгеніне де бірнеше жыл болған.

Көпір құрылымының опырылуына биылғы көктемде жауын-шашынның мол болуы ықпал еткен болуы мүмкін.

Фото: otyrar.kz

Байланысты жаналықтар

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

09.05.2025
MalimBlocks
Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

Ол Берденовті «адал, тәртіпті, нағыз отаншыл азамат» деп атап өтті