Шымкенттік бозбалалар әскерге аттанды

Арман Қайыпхан

  • 02.10.2024

Шымкент теміржол вокзалына әскерден оралғандар мінген пойыз бен Отан қорғауға енді аттанатын жастардың пойызы бір уақытта келіп тоқтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Азаматтық борышын өтеген жігіттерді қарсы алу мен әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсімі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты механикаландырылған бригаданың әскери оркестрі ойнаған марш әуенімен өтті.

Бұл жолы запасқа шығарылған 40 сарбаз туған жеріне оралса,  30 бозбала әскер қатарына аттанып барады.

Аталған іс-шараға әскери қызметшілер ғана емес, жастардың туыстары мен достары, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарының басшылығы жиналды.

Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев жауынгерлерге Отан алдындағы абыройлы қызметі үшін алғысын білдірді.  

Осыдан тура 1 жыл бұрын біз осы теміржол вокзалынан әскерге шақырылған 40 жігітті десанттық-шабуылдау бригадасына қызметке жіберген едік. Қарулы күштердің мұндай беделді бөлімшелеріне күш-қуат және психологиялық тұрғыдан жақсы дайындалған жастар ғана алынады. Енді олар эстафетаны сіздерге тапсырып отыр. Әрдайым осы сенімді ақтауларыңызға тілектеспін, – деді полковник Әбдіғабит Шегебаев.

«Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ Шымкент қаласы бойынша филиалының басшысы отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев нағыз Отан қорғаушыларды тәрбиелеген сарбаз ата-аналарына алғысын білдірді.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Байланысты жаналықтар

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

09.05.2025
MalimBlocks
Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

Ол Берденовті «адал, тәртіпті, нағыз отаншыл азамат» деп атап өтті