Талдықорған қаласы жаңа жылдық безендіруге 36 млн теңге бөлді

Malim Админ

  • 04.12.2024

Жетісу облысының орталығы Талдықорғанды жаңа жылдық безендіруге  жергілікті бюджеттен 35 960 341 теңге бөлінген. Мерекеге дайындық жұмыстары 17- ші желтоқсанда басталып, 23-іне дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. 


Желтоқсан айының орта шенінде еліміздегі өңірлердің бәрі жылдағы дәстүрге сай жаңа жылдың қамына кірісетіні анық. Орталық алаңдарға шыршалар орнатылып, қала ішінде түрлі- түсті шамдар жағылады. Санаулы күндер ғана сән- салтанаты асып тұратын безендірулерге бюджеттің бүйірін солқылдатып, миллиондар жұмсалады. Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласына биыл жаңа шыршалар алынбайды. Есесіне қолданыста бар 3 шыршаға ілінетін шамдар (купол) мен барлық безендіру жұмысына 19 129 230 теңге бөлінген.

— Жаңа жылдық жаңа шағын сәулет нысандарын жасатуға 12 124 000 теңге бөлінді. Былтырдан қалған 30 данасын қалпына келтірдік. Оның сомасы 4 707 111 теңгеге шықты. Безендіру орталық алаңнан бөлек, «Жастар» саябағы мен «Береке» коттедж қалашығына, қала маңындағы Өтенай мен Еркін ауылдық округтеріне де жүргізіледі, — деді Талдықорған қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік 2022 жылы қала әкімідігі құны 3 млннан асатын 3 шырша (9 871 000 теңге) сатып алғанын мәлімдеген болатын. Сол жылы жаңа жылдық безендіруге 36,5 млн теңге бөлінген еді. Қала тұрғындарының кейбірі мұндай шараларға жыл сайын ақша жұмсағанша қаланың кем- кетігін толтырса дегенді айтады.

— Меніңше милииондарды шырша мен шамдарға жұмсағанша қаладағы көп мәселерді шешіп, соларға берсе. Көпқабатты үйде тұрамыз. Үйіміз суық. Талдықорғанда қоқыс мәселесі өзекті. Қала маңында мүлде жарық жоқ көшелер бар. Соларды жағып берсін. Шырша көп болса 10-15 күн ғана тұрады. Ал, мәселеміз жылдар бойы шешілмейді, -дейді қала тұрғыны Балжан Байтоқова.

 

Байланысты жаналықтар

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот үкімі шықты

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025
MalimBlocks
14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот үкімі шықты

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі