Тасқын салдарымен күрес шаралары: 25 мамырдағы жағдай

Су сору жұмыстары жалғасып жатыр

Мәди Саматұлы

  • 25.05.2024

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы және құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүріп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында қалған су басқан 13 аула аумағынан су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 5 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, суы сорылды. Жалпы 136 970 текше метр су сорылған.

Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында, Индер ауданының Индербор кентінде, Махамбет ауданының Жалғансай ауылында су басқан аумақтардан 141 220 текше метр су сорылды. Жайық өзенінің су деңгейі бақылауда тұр. Жалғансай ауылында қорғаныс бөгеттерін нығайту және салу жұмыстары жалғаса береді, 22 600 қап төселді.

Жайық өзені арнасынан асып, судың Талдыкөл ауылына апаратын жолға жайылуына байланысты алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Кеше күні бойы тұрғындарды ішінара эвакуациялау жүргізілді. Бүгін таңертең сирена-сөйлеу құрылғыларының көмегімен Талдыкөл ауылында халық хабардар етілді, әзірге онда 362 адам қалған. Қазір тұрғындарды Атырау қаласының уақытша орналастыру пунктіне алдын ала эвакуациялау ұйымдастырылды. Жоспарланған эвакуация жұмыстары жалғасу үстінде, деп жазылған хабарламада.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында 400 қапшық пен 90 тонна инертті материал төселді. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында қуатты жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен саяжай үйлерінен еріген қар суын сору жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр. Өткен тәулікте 268 мың текше метр су сорылды.

Республика бойынша эвакуацияланған 61 962 адам өз үйлеріне оралды. 5 284 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 25,5 млн артық еріген қар суы су сорылды, 8 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 4 272 адам, 646 техника, 241 су сору құралы және 55 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

07.05.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Алматыда жер сілкінді

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті