«Таза Қазақстан» акциясы: Алматы облысы Жамбыл ауданындағы 61 елді мекенде сенбілік өтті

Сонымен қатар бүгін дәл осындай сенбілік «Таңбалы» музейінде де болып жатыр.

Malim Админ

  • 15.04.2024

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері Алматы облысы Жамбыл ауданындағы 61 елді мекенде күнделікті сенбілік өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін ауданымыздың рухани орталығы болып саналатын Жамбыл ауылындағы Жамбыл Жабаевтың музейінде 500-ден астам адамның қатысуымен ауқымды сенбілік өтті. Өткен аптада «Таза өлке» акциясы бойынша желілік кестемен өткен сенбілік енді «Киелі мекен» акциясымен жалғасты. Жамбыл ауылында өткен сенбілікке ауыл тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, өнер саласының қызметкерлері, ардагерлер, жастар, еріктілер, депутаттар қатысты. «Киелі мекен» акциясы аясында Жамбыл ауданында орналасқан 51 ескерткішті тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар бүгін дәл осындай сенбілік «Таңбалы» музейінде де өтіп жатыр.

«Тазалық - денсаулық кепілі», ол үлкен мәдениеттіліктің белгісі. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл акцияға аудан халқы белсенді қатысуда. Бұл экологиялық акция тұрақты жалғаса береді. Барша аудан тұрғындарын акцияға белсенді қатысуға шақырамыз, - делінген хабарламада.

Фото: Жамбыл ауданы әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай экологиялық акция өтті

01.05.2025

Алматы облысында жер сілкінді

01.05.2025

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

29.04.2025

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

28.04.2025

Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек

24.04.2025

Қоғамдық орындарда тазалықты сақтау игі дәстүрге айналып келеді

23.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай экологиялық акция өтті

Алматы облысында жер сілкінді

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

Оқиғаны видеоға түсірген жасөспірімнің де заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды