ҰҚШҰ отырысы: Астанада көшелер жабылады

Арман Қайыпхан

  • 26.11.2024

Елорда көшелерінің жекелеген учаскелерінде 28 қараша күні шет мемлекеттердің басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесі отырысының өтуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, 28 қараша күні сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін мына көшелерде қозғалыс толықтай шектеледі: Ж.Нәжімеденов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Аманжолов көшесіне дейін) және Аманжолов көшесі (Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейін).

Осыған байланысты мына маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді: №14, 32, 43, 50, 66, 84. Қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 06:00-ден 23:30-ға дейін болады. Дайындық іс-шараларына ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиация мен техниканың ресурстарын пайдалану көзделген, - деп атап өтті Мемлекеттік күзет қызметінің хабарламасында.

27 қарашада ҚР ҚМ фронтты авиациясының қала үстінен ұшуы жоспарланған.

Тұрғындардан қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген баспасөз хабарламасында.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.