Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Венерологиялық ауруларды тек әйелдер таратады – блогер

Қоғам
Венерологиялық ауруларды тек әйелдер таратады – блогер

Блогер Жанәділ Раимбеков Instagram-да венерологиялық ауруларды әйелдер ғана тасымалдайтынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Егер әйел адам бірнеше еркекпен қосылатын болса, онда ол міндетті түрде инфекция таратады. Көп әйелі бар еркек өзінің әйелдерімен ғана қосылатын болса, онда ол инфекция тарата алмайды. Яғни төрт әйелі болса және сол төрт әйел тек бір еркекпен қосылса, ол ешқандай да ауру тарата алмайды. Ол ғылыммен дәлелденген. Ата-бабамыздың бәрінде көп әйел болған. Ал инфекция қайдан пайда болады? Әйел адам бөтен еркекпен қосылғаннан пайда болады, - деді ол.

Ал видеоға пікір жазған венерологтар мен гинекологтар оның сөзін жоққа шығарды. Қазақстандықтар жалған ақпарат таратқан блогерді жазалау керек деп санайды.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу