457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Хостелдегі өртке байланысты сот адвокатқа қатысты жеке қаулы шығаруы мүмкін

Алматыда 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке қатысты сот отырысы тағы да кейінге шегерілді. Осыған байланысты судья айыпталушы мен оның қорғаушысына ескерту жасады.

Судья Ернар Қасымбеков сот отырысының бұзылуы алғаш рет болып отырмағанын атап өтіп, айыпталушы мен оның қорғаушысына қатаң ескерту жасады.

Әділбек Мұхамедьяров, ертең жеке гигиеналық заттарыңызбен келіңіз, өйткені сот сізді адвокатыңыз арқылы процесті әдейі созып отырсыз деп есептейді. Тыңдалым ертең сағат 10:00–ге шегерілді. Адвокат Асылбек Абдраимов келуге міндетті. Сот оған қатысты жеке қаулы шығаруға құқылы. Ол талай сот процесін бұзды, біз үнсіз кейінге шегеріп келеміз. Бірақ жарыссөзге кедергі келтіруге болмайды, - деді судья Ернар Қасымбеков.

Фото: nur.kz