Жеке деректердің таралуы: «Қазақтелеком» мен «Эйр Астана» жазаланды

Цифрлық даму министрлігі ақпан айындағы жеке деректердің тарап кетуіне қатысты аудит нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 01.04.2024

Биыл 16 ақпанда қазақстандықтардың 2019-2022 жылдардағы жеке деректерін белгісіз біреулер GitHub ресурсында жариялаған болатын.

Жарияланған ақпаратта қазақстандық байланыс операторларының абоненттері туралы ресми ақпараттары бар, сонымен қатар «Қазақтелеком» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Эйр Астана» АҚ аталды.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың  жеке дерегінің таралуына Тайвань хакерлерінің қатысты бар - министрлік

Министрлік Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-мен бірлесіп инфрақұрылымында жаңа ымыраға келу фактілері анықталмаған ұялы байланыс операторларының ақпараттық қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізді. Бүгінде компанияларды отандық ақпараттық қауіпсіздік операциялық орталықтары қорғайды, - делінген ҚР ЦДИАӨМ таратқан мәліметте.

Сонымен қатар министрлік «Қазақтелеком» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Эйр Астана» АҚ-ға қатысты ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

Нәтижесінде 2 заңды тұлға («Қазақтелеком» АҚ, «ЭйрАстана» АҚ) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 641-бабының 1-бөлігінің 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтарды жою үшін бір жыл мерзімге нұсқама берілді. «БЖЗҚ» АҚ бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ, - деп қосты ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта аталған ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін анықтау және болдырмау мақсатында тәулік бойы мониторингте тұр.


Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

"Қарыз алып, қайтармады": Жолмановаға қатысты сот жалғасып жатыр

14.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Қазақстанда 43 градус аптап ыстық болады

13.05.2025

Елімізде кімдердің кредиті кешіріледі?

13.05.2025

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025
MalimBlocks
"Қарыз алып, қайтармады": Жолмановаға қатысты сот жалғасып жатыр

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Қазақстанда 43 градус аптап ыстық болады

Елімізде кімдердің кредиті кешіріледі?

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды