Желіні шулатқан оқушылардың қауіпті ойынына байланысты шара қолданылды

Сабина Асқарқызы

  • 02.03.2025

Талдықорған мектептерінің бірінде болған оқушылардың «ойыны» желі қолданушыларын шошытты, деп хабарлайды Malim.kz.

Видео бір күн бұрын ғаламторға тарап кеткен. Оны балалардың өздері Tik-Tok аккаунтына жүктеген.

Оқушылар сыныптасын әжетханаға кіргізіп, оған отыруға бұйырады. Сосын әуретті жерін көрсетпек болады. Жасөспірімдердің мұндай әрекетке неге барғандары белгісіз.

Тәртіп сақшылары Талдықорғандағы Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясында болған оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтады. Балалар бұл жай ғана ойын екенін айтып, ақталған.

Полицейлер мектеп оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Ал «ойыны осылғандардың» ата-аналары тәрбиелік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқушылар мен олардың ата-аналары анықталып, түсіндіру жүргізілді. Тараптардың бір-біріне ешқандай талабы жоқ. Ақпарат шешім қабылдау үшін Талдықорған қаласының полиция басқармасына берілді, - деді Талдықорған қаласы білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері Ұлжанат Жақұбаева.

Сонымен қатар мамандар барлық мектептерде буллингтің алдын алу және психологиялық қолдау көрсету шаралары жүргізілетінін, тәртіптік бақылау күшейтілетінін атап өтті.

Фото: istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

06.05.2025

Талдықорғанда құрылыс алаңында мұнаралы кран өртенді

05.05.2025
MalimBlocks
Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

Оқиға орнына қаруды кім әкелгені әлі белгісіз болып тұр

Талдықорғанда құрылыс алаңында мұнаралы кран өртенді