Жұртты шулатқан киіз үйдегі биге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Бас прокуратура Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаевтың сауалына берген жауабында айтты

Арман Қайыпхан

  • 20.07.2024

Алматылық бишілер түсірген киіз үйде болған жанжалды видео ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуге себеп болды, деп хабарлайды Malim.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Бас прокуратура Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаевтың сауалына берген жауабында айтты.

Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев бұған дейін Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінен шулы видеоға құқықтық баға беруді талап еткен болатын. Ол киіз үйдегі бейнебаян кейіпкерлерінің бірі қазақтың ұлттық элементтері бар әйелдер киімін киіп билеп жүрген жігіт екенін айтып ашуға булыққан. Бас прокуратура видеоның Алматының Қарасай ауданында түсірілгенін хабарлады.

«Аталған факті бойынша 2024 жылғы 1 шілдеде Қарасай аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни өшпенділік»). Бүгінгі таңда қылмыстық іс аясында тиісті сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі» деп жауап берді Бас прокуратура.

Ал, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бұл видеоға құқықтық баға беру қиынға соқты. Ведомство да депутатқа өз жауабын қалдырып, 174-баптың белгісі дәл араздық тудыратын қасақана әрекеттер екенін атап өтті. Бірақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті оларды анықтай алмады.

«Бір ғана видеоға сүйене отырып, авторлар ниетінің шынайы бағытын сенімді анықтау мүмкін болмағандықтан, қылмыстық заңнаманың бұл нормасына объективті құқықтық баға беру мүмкін емес» деп жауап берді Ұлттық қауіпсіздік комитеті. 
Сонымен қатар олар депутатқа қосымша ақпарат алу үшін ҚР Ішкі істер министрлігіне хабарласуды ұсынды.

Бейнебаян кейіпкерлерінің бірі - high hills  стилінде жұмыс істейтін белгілі алматылық хореограф Әлішер Сұлтанбеков. Ол жеткілікті ашық стильді қолданады, әйелдер киімдері мен өкшелі аяқ киіммен билейді және Қазақстанда және одан тыс жерлерде шеберлік сабақтарын өткізеді. Видеодағы жанжалдан кейін Әлішер Сұлтанбеков әлеуметтік желіден жоғалып кетті,  видео оның аккаунтынан жойылды.

Жақында ол Instagram-да қайтадан пайда болып, өмірінің бетбұрыс кезеңінде екенін мәлімдеді. Егжей-тегжейлі жазбасымен кейінірек бөлісуге уәде берді.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

05.05.2025

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025

Талғарда жұрт көзінше ер адамды ұрып-соққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

29.04.2025

Қазақстанның екі ауыр атлеті допингпен ұсталды

22.04.2025

Марафондағы екі адамның қазасы. Қылмыстық іс қозғалды ма?

21.04.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

Талғарда жұрт көзінше ер адамды ұрып-соққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанның екі ауыр атлеті допингпен ұсталды

Марафондағы екі адамның қазасы. Қылмыстық іс қозғалды ма?

Бұл сұраққа Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жауап берді