Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оралда телефон мен марихуана өткізбекші болған түрме қызметкері сотталды

Құқық
Оралда телефон мен марихуана өткізбекші болған түрме қызметкері сотталды

Орал қалалық сотында түзеу мекемелерінің біріндегі режим бөлімі бастығының міндетін атқарушыға үкім шықты. «Мой город» жазуынша, ол 15 жызға қамалған, деп хабарлайды Malim.kz.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәлімдемесіне қарағанда, колониядағы режим бөлімінің басшысы делдал арқылы 15 мың теңге кезекті пара алған кезде ұсталған. Сондай-ақ, жедел қызметкерлер үш ұялы телефон мен марихуана өткізбекші болғанын анықтаған.

Күдікті мекеме қызметкері бұл әрекетін мойындады. Орал қалалық сотының үкімімен мекеме қызметкері ҚР ҚК-нің «Пара алу» 366-бабы бойынша сотталып, оған пара құнының 30 еселенген мөлшерінде 450 мың теңге айыппұл тағайындалды. Сол үкіммен тағы екі қызметкер сотталды. Олар түрлі мерзімге бас бостандығынан айрылды, деп жазылған БҚО прокуратурасының хабарламасында.

Фото: time.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу