Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оралда жоғары пайызбен шағын несие бергендерге тергеу басталды

Құқық
Оралда жоғары пайызбен шағын несие бергендерге тергеу басталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Орал қаласында лицензиясыз шағын несие беру қызметін көрсеткен тұлғалар тобына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.


Бес жыл бойы күдіктілер «Жылдам ақша» деген атаумен кеңінен таралған филиалдар желісі арқылы азаматтармен жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын шағын несие келісімшарттарын жасаған.

Несиенің пайыздары бөлек шарт арқылы «кеңес беру қызметі» ретінде көрсетіліп, бұл қызметтер күдіктінің туысына тіркелген, олармен байланысы бар ЖШС арқылы рәсімделген.

Қарыз алушылар күнсайын 1,5% төлеуге мәжбүр болып, бұл заңмен белгіленген шекті мөлшерлемеден 0,3% яғни бес есеге артық болған. Аталған заңсыз шағын несие ұйымы арқылы 47 мыңнан астам қарыз жоғары пайызбен берілген, - деп жазды департаменттен.

Алдын ала мәлімет бойынша, заңсыз алынған табыс көлемі 917 млн теңгені құрайды. Соттың санкциясымен күдіктілердің өндірістік коммерциялық нысаны мен бір пәтеріне тыйым салынды.

Тергеу жалғасуда.

Фото: pixabay.com


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу