freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Ордабасы» ойыншылары жанкүйерлерді сайлауға қатысуға шақырды

Қоғам
«Ордабасы» ойыншылары жанкүйерлерді сайлауға қатысуға шақырды

Шымкентте «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары да Құрылтай сайлауында дауыс беруге Қажымұқан атындағы Орталық стадионға келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Футболшылар Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов, Жасұлан Әмір, Мағжан Тоқтыбай, Эльхан Астанов және тағы басқа команда мүшелері №90 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.

Біздің команданың матчтарында шымкенттік жанкүйерлердің қолдауы мен ықыласы бізге ерекше күш береді. Жанкүйерлеріміз өте көп. Жалпы, футбол – бұқаралық спорт. Құрылтай сайлауы да бұқара болып шешім шығаратын аса маңызды саяси мереке. Сол себепті барлық азаматтарды жауапкершілік танытып, дауыс беруге шақырамыз, – дейді қақпашы Бекхан Шайзада.

Атап өтсек, «Ордабасы» командасы қазіргі уақытта ҚР Премьер-Лигасы ойындарында кестенің жоғары сатысында келеді. Жергілікті футболшылар еліміздің тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауына да белсене қатысты.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Бақыткүл Нәлібаева бұл аумақта 2619 дауыс беруші бар екенін, азаматтар белсенді қатысып жатқанын атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу