Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Орманда жоғалып кеткен неміс қызы тірі табылды

Қоғам
Орманда жоғалып кеткен неміс қызы тірі табылды

Австралияда жоғалып кеткен неміс туристі Каролина Вильга 11 күн бойы жабайы табиғатта жалғыз жүріп аман қалды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Ол жаңбыр суын ішіп, үңгірлерді паналап, аздаған азығымен күн көрген. Қатты әлсіреп, аяқ жарақатын алып, күнге күйіп, жәндіктердің шағуына тап болған қыз көмекке үмітін үзген болатын. Алайда 11 шілдеде жергілікті тұрғын Таня Хенли оны кездейсоқ тауып алған. Қазір Вильга ауруханада, оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Полиция бұл оқиғаны «таза сәттілік» деп бағалап отыр.

Фото: t.me/dwglavnoe

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу