freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өскеменде Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған көрме өтті

Қоғам
Өскеменде Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған көрме өтті
Фото: ШҚО әкімдігі

15 тамыз – қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлғасы, әйгілі композитор, «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың туған күні, деп хабарлайды Malim.kz.

Осыған орай Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.

Мәдени шараның басты мақсаты – қазақ ән өнерінің дамуына зор үлес қосқан Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа ұлттық өнердің құндылығын дәріптеу және композитордың сырлы саздары арқылы қазақ музыкасына деген қызығушылықты арттыру.

Көрме экспозициясынан композитордың өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды материалдар орын алды. Келушілер ән жинақтары мен ноталар, кітаптар, мерзімді басылымдар және Шәмші мұрасын танытатын басқа да тарихи-танымдық дүниелермен танысты.


Экспозицияның ерекше бөлігі – композитордың шығармашылық ортасын бейнелейтін «Шәмшінің бөлмесі». Сонымен қатар ақпараттық планшеттерде оның өмір жолы, шығармашылық белестері мен қазақ музыка өнеріндегі айрықша орны туралы мәліметтер ұсынылды.


Көрме аясында музыкалық бағдарлама да ұйымдастырылды. «Айсер» тобы Шәмші Қалдаяқовтың ел жүрегінен орын алған әндерін орындап, шараның мазмұнын аша түсті. Әуезді әндер көрерменге ерекше көңіл күй сыйлап, композитор шығармаларының бүгінгі күнге дейін өзектілігін көрсетті.

Көрмені тамашалаған көпшілік Шәмші Қалдаяқовтың бай шығармашылық мұрасымен танысып, қазақтың сырлы сазына сусындады.

Шәмші әндері – халқымыздың рухани қазынасы. Композитордың шығармалары уақыт өткен сайын құндылығын арттырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақ музыкасының алтын қорында мәңгі жасай бермек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу