Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Құқық
Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат қолға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Өскемен қаласының қонақ үйлерінің бірінде шетел азаматы ұсталды.

«Белгілі болғандай, 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап аталған азамат аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген.

Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сонымен қатар, оны іздестіруді бастаған елге экстрадициялауды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Фото: ШҚО ПД

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу