Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Парик деп үміттенейік». Балжан Бидаштың образы оқырманын шошытты

Шоу-бизнес
«Парик деп үміттенейік». Балжан Бидаштың образы оқырманын шошытты

Қазақстандық әнші, «КешYOU» тобының экс-солисі Балжан Бидаш имиджін түбегейлі өзгертіп, оқырманын таңғалдырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өзгеріске толы өмір. Жаңа образ қалай? – деп жазды өнер иесі парақшасында.

Көпшіліктің жадында ашық түсті ұзын шашымен жатталып қалған Балжан бұл жолы қара түсті қысқа шашпен суретке түсіпті. Үстіне ақ жейде мен көк түсті джинс шалбарын киген.

Ал оқырман пікірі екіге бөлінген, бірі өзгерістерді құптаса, енді бірі әншіге мүлде жараспайтынын жазуда.

«Жо-жоқ, тек қысқа шаш емес», «Қысқа шаш сізге жараспайды», «Парик деп үміттенейік», «Адам өзгерістерге қашан да дайын болу керек», «Керемет образ», - деп жазды оқырман.

Фото: instagram.com/bidash_official

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу