Армения президенті Ваагн Хачатурян Никол Пашинянды елдің премьер-министрі қызметіне қайта тағайындады, деп хабарлайды Malim.kz РИА-ға сілтеме жасап.
Ел Конституциясына сәйкес, парламенттің жаңа шақырылымы өз жұмысын бастағаннан кейін президент заң шығарушы органдағы көпшілік ұсынған кандидатты премьер-министр етіп тағайындайды.
Соңғы парламент сайлауының қорытындысы бойынша биліктегі «Азаматтық келісім» партиясы 64 мандатқа ие болып, үкіметті өз бетінше құру мүмкіндігін сақтап қалды. Ал «Күшті Армения» блогы 29, «Армения» блогы 12 мандат алды.
Бұған дейін Никол Пашинян оставкаға кеткенін жазған едік.