Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Пәтерге шақырған»: Ақтөбеде жігіттен ақша бопсалаған жастар ұсталды

Оқиға
«Пәтерге шақырған»: Ақтөбеде жігіттен ақша бопсалаған жастар ұсталды

Полиция 25 жастағы жігітті қорқытып, 2 миллион теңге бопсалаған күдіктілерді «ізін суытпай» ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеп-тексеру барысында күдіктілер бұрын сотталған екі жергілікті тұрғын мен 19 жастағы бойжеткен екені анықталды. Олар алдын ала сөз байласу арқылы жәбірленушіні бопсалау схемасын құрғаны белгілі болды.

Жас жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысқан қыз оны жалдамалы пәтерге шақырған. Кейін бұл жерге күдіктілер келіп, өздерін құқыққорғау огандарының қызметкері ретінде таныстырған. Олар бойжеткеннің кәмелетке толмағанын және жігіттің оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскенін хабарлап, жігіттен 2 миллион теңге бопсалаған.

Ұсталғандар кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Фото: Polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу