Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодар облысында жоғалған аңшының бірінің мәйіті табылды

Оқиға
Павлодар облысында жоғалған аңшының бірінің мәйіті табылды

Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары Екібастұз ауданындағы Шолақсор көлінде жоғалған аңшылардың бірінің денесін тапты. Екіншісі әлі де іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.  


10 қазанда екі адам ГРЭС-1 бағытында аң аулауға шығып, қайтып оралмаған. Олардың жоғалып кеткені туралы хабарлама тек 17 қазанда түскен.

Сол күні, сағат 15:29–да, жағадан 15 метр қашықтықта құтқарушылар дрон мен арнайы жабдықтың көмегімен жоғалған адамдардың бірі 1973 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан шығарды. Екінші адамды іздеу және құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

Оған ТЖД құтқарушылар, қызметтік иттері бар кинологтар, полиция, ЖАО, еріктілер жұмылдырылды.

Фото: instagram.com/poiskoviki_pavlodara_vita/

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу