Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодар тұрғыны танысын зорлағаны үшін бас бостандығынан айырылды

Оқиға
Павлодар тұрғыны танысын зорлағаны үшін бас бостандығынан айырылды

Павлодарда танысын зорлаған 35 жастағы ер адам бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық іс жабық қаралды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy мен Irbistv.kz-ке сілтеме жасап.


Оқиғаның мән-жайы

Қылмыстық іс екі бап бойынша қаралды. Тергеушілердің мәліметінше осы жылдың мамыр айында ер адам мен қыз пәтерде бірге болған. Бір сағаттай ішімдік ішкен соң павлодарлық жігіт жыныстық қатынасқа түскісі келген.

Алдымен жай сөзбен талап етіп, қыз көнбеген соң күш қолданады. Бәрібір дегеніне жете алмайды. Содан кейін ол резеңке шлангіні алып, жәбірленушінің жамбасы мен аяғынан ұра бастаған. Сот отырысында осы мән-жайдың барлығы зерттелді.

 «Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жеңілірек жазаны едәуір ауыр жазамен біріктіру арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтың жиынтығы бойынша 5 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді», - деп хабарлады Павлодар қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Өрнек Әбжапаров.

Ер адамның бұрын сотты болғаны анықталды. Жаңа үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: istockphoto.com

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу