Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодарда бастығын тонап кеткен адам сотталды

Құқық
Павлодарда бастығын тонап кеткен адам сотталды
Istockphoto

Павлодардың 33 жастағы тұрғыны бастығын тонап кеткені үшін бір жарым жылға шартты түрде сотталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Жергілікті басылымның мәліметіне сүйенсек, ол бұл компанияға биыл тамызда жұмысқа орналасқан. Басшысы оған сенім арта бастағанда, 2025 жылдың 23 қарашасы күні директордың шақыруымен жұмысқа келген ол оның кабинетінде ақша барын көріп, конверттегі 770 мың теңгені алып кеткен.

«Сотта 33 жастағы жігіт кінәсін толық мойындады, өйткені, оның әрекеті кабинеттегі камераға түсіп қалған. Ол директорына ішінара 140 мың теңге қайтарған», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Бір қызығы, бұл жігіт біраз уақыт бұрын тағы бір танысының «аңқаулығын» пайдаланып, оның атына несие рәсімдеп жіберген екен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу