Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодарда мектеп күзетшісі мас күйінде оқушыны ұрған

Оқиға
Павлодарда мектеп күзетшісі мас күйінде оқушыны ұрған

Павлодардағы мектептердің бірінде мас күйінде жұмыс істеген күзетші 6-сынып оқушысын ұрып, тағы бір баланы жағасынан алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тараған. Оқиға 19 ақпанда болған.

Видео кадрларынан оқушының мектеп дәлізінде өтіп бара жатқанда күзетшінің кенеттен қолын созып, кеудесінен итеріп жібергені байқалады. Кейін ол тағы бір оқушыны жағасынан ұстап, артынан босатады да, ары қарай кетіп қалады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күзетші қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін айыппұл төлеген. Қазіргі таңда оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама жүргізілуде.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу