Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодарда мұғалім оқушының арқасына шеге сұғып алды

Оқиға
Павлодарда мұғалім оқушының арқасына шеге сұғып алды

Павлодардағы мектептердің бірінде мұғалім оқушының арқасына шеге сұғып алды. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері шақырылды, деп хабарлайды Malim.kz Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Павлодар қалалық білім бөлімінің мәліметінше, оқиға №26 орта мектепте тіркелген. Математика пәні мұғалімі тақтада тұрған оқушының жанынан өтіп бара жатып, оны белгісіз затпен нұқып кеткен.

Педагогтің әрекеті бейнебақылау камераларына тіркеліп, кейін әлеуметтік желіге тарады. 

Дегенмен мектеп медбикесі баланың денесінде ешқандай белгі жоқ екенін айтқан. Оқушыны жедел жәрдем бригадасы да тексеріп, ешқандай жарақат алмағанын анықтаған.

Педагог өз әрекетіне өкініп, баланың ата-анасынан кешірім сұрады, деп қосты білім бөлімінен.

Қазіргі уақытта мұғалім жұмыстан шығарылды. Аталған істі білім бөлімі мен полиция бақылауға алды.

Фото: GOV.KZ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу