freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодарда өрт кезінде 16 тұрғын эвакуацияланды

Оқиға
Павлодарда өрт кезінде 16 тұрғын эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

Павлодар қаласында Малайсары батыр көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы балық аулау дүкенінде өрт шықты. 101 пультіне дүкеннен түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері бірден өртті сөндіруге кірісті. 

"Өрт сауда залы мен қойма бөлмесін шарпыған.Түтіннің таралу қаупіне байланысты тұрғын үйдің кіреберісінен 16 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Өрт қысқа уақытта толық сөндірілді", делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу