freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Пентагон белгісіз ұшатын нысандарға қатысты тың мәліметті жариялады

Қоғам
Пентагон белгісіз ұшатын нысандарға қатысты тың мәліметті жариялады
Ашық дереккөзден

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) «белгісіз ұшатын нысандарға» (UFO) және «белгісіз әуе құбылыстарына» (UAP) қатысты жаңа құжаттарды жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Пентагон бұл құжаттарды президент Дональд Трамптың тапсырмасымен UFO мен UAP туралы материалдарды құпиясыздандыру және жариялау процесі басталғаннан кейін ұсынған.

war.gov/UFO/ сайтында жарияланған материалдардың ішінде ондаған бейнежазба мен суреттер, сондай-ақ азаматтық және әскери куәгерлердің айғақтары, тергеу жазбалары мен ресми есептер бар.

Жарияланған бейнелердің бірінде 2019 жылы Парсы шығанағы үстінде түсірілген үш нысан көрсетілген. Ол АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) жауапкершілік аймағында әрекет еткен америкалық әскери платформаның инфрақызыл сенсоры арқылы жазылған.

Тағы бір 2022 жылғы видеода Иран жағалауы маңындағы кемелердің жанынан ұшып өткен төрт белгісіз нысан бейнеленген.

Пентагон UFO және UAP бойынша алғашқы құжаттар топтамасын 8 мамыр күні жариялаған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу