Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Полиция Жәнібек Жұмағұловтың ата-анасын іздеп жатыр

Қоғам
Полиция Жәнібек Жұмағұловтың ата-анасын іздеп жатыр

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев полиция Бельгия азаматы асырап алған 22 жастағы Жәнібек Жұмағұловтың ата-анасын іздеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистер ІІМ өкілінен анасын іздеген еуропалық Жәнібектің оқиғасына қатысты қылмыстық істің қозғалған не қозғалмағанын сұраған болатын.

Қылмыстық іс қозғалды. Оның (Жәнібектің) қашан және қандай себепке байланысты шетелге кеткені анықталып жатыр. Әке-шешесін полиция іздеуде. Қазір сіздерге Жәнібектің оқиғасы сияқты істер бар деп айта алмаймын, - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.

Еске салсақ, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек Жұмағұловтың әкесі табылғанын жазған болатынбыз.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу