1 млрд теңгені бір көзден бермек болған.  Шенеунік жұмыстан қуылды 

Конкурс талаптарын бұзған

Malim Админ

  • 25.01.2023

Ақмола облысы Аршалы ауданында жол жөндеуге 1 млрд теңгені бір көзден бермек болған шенеунік жұмыстан қуылды.  Аршалы ауданы прокуратурасы оның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің конкурстық рәсім талаптарын бұзғанын анықтады.   

Былтыр 29 сәуірде  15 шақырымдық «Екатеринбург-Алматы» автобанынан Берсуат ауылына дейінгі жолға күрделі жөндеу жүргізуге мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс жарияланған. Оны  аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұйымдастырған.  «Алайда, сол жылдың 18 мамырында аталмыш бөлім басшысы заңды негізсіз аталған конкурсты өткізуден өз бетінше бас тартты. Бұл ретте тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен 1 млрд теңгеден астам сомаға «Еңбек» ШЖҚ РМК-мен жолды күрделі жөндеуге шарт жасасу туралы заңсыз шешім қабылдады», - деді прокуратураның баспасөз қызметі.

Осы ретте аудан прокуратурасы заңсыз конкурстың күші жойып, шартты бұзған. Ал Аршалы ауданы ТКШ бөлімінің басшысы жұмыстан қуылды.         

Байланысты жаналықтар

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025

Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

25.04.2025

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады

19.04.2025

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

18.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025
MalimBlocks
Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады,

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды