2025 жылдан бастап Қазақстан БРИКС серіктесі болады

Арман Қайыпхан

  • 24.12.2024

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БРИКС қауымдастығының ресми серіктесі болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл мәліметті Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

2024 жылдың қараша айында Қазан қаласында өткен БРИКС саммитінде Қазақстанға ұйымның серіктес елі болу туралы ұсыныс жасалды. Қазақстаннан бөлек тағы 12 елге БРИКС серіктес елдері болу ұсынылды.

2024 жылдың қазан айында Қазақстан Президентінің кеңесшісі және Баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің БРИКС-ке қосылуы туралы ұсыныстар түскенін айтқан еді. Бірақ ол кезде  "қазіргі уақытта және  ең алдымен, жақын болашақта Қазақстан БРИКС-ке өтініш беруден бас тартады" деген болатын.

Әріптес ел мәртебесі тұрақты негізде саммиттердің арнайы сессиялары мен БРИКС сыртқы істер министрлерінің кездесулеріне қатысуды көздейді. Сондай-ақ серіктестерді министрлік деңгейіндегі басқа іс-шараларға, атап айтқанда сауда, ұлттық қауіпсіздік өкілдерінің кездесулері мен парламентарийлер форумына шақыруға болады. Әріптестер БРИКС-тің қорытынды құжаттарына қосыла алады, осылайша олардың географиялық ауқымын кеңейтіп, халықаралық істерде қауымдастықтың дауысын күшейте алады.

2024 жылдың 5 қарашасында Беларусь БРИКС серіктесі болды. Бүгінде ұйымның серіктестері арасында Түркия, Вьетнам, Өзбекстан, Таиланд және басқа да елдер бар.

БРИКС құрамына Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка (бұл БРИКС қауымдастығына атау берген осы елдердің атауларының бірінші әріптері), Египет, Иран, БАӘ, Сауд Арабиясы және Эфиопия кіреді. 2024 жылы бірлестікке бес мемлекет қосылды. Малайзия мен Әзербайжан да мүшелікке ресми түрде өтініш берді.

Фото: СІМ

Байланысты жаналықтар

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 5

31.01.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Трамптың инаугурациясы қалай және қашан өтеді?

16.01.2025

Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты

12.12.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті

04.12.2024

Грузияда полиция наразылық білдірушілерді күшпен таратып жатыр

04.12.2024
MalimBlocks
«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 5

1990 жылы Қазақстанда мұнай – 22 миллиoн тoнна eдi, eндi 14 миллион тoнна ғана бoлып oтыр, көмiр – 131 миллиoн тoнна eдi, eндi 50 миллиoн тoнна айналасында

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Трамптың инаугурациясы қалай және қашан өтеді?

Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады

Грузияда полиция наразылық білдірушілерді күшпен таратып жатыр

Алты күн бойы наразылық шерулерінде 293 демонстрант әкімшілік қамауға алынды