Әлемдегі ықпалды "100 әйелдің" есімі белгілі болды
100 әйелдің қатарында дамыған елдермен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Мьянма, Судан, Сомали, Ауғанстан секілді елдердің танымал әйелдері бар. Қазақстаннан тізімге ешкім енбеген.
Фото: ВВС
ВВС әлемге шабыт сыйлаған және ықпалы 100 әйелдің атын жариялады.
Олардың арасында Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Надия Мурад, зорлық құрбаны және белсенді Жизель Пелико, актриса Шарон Стоун, Олимпиада жеңісмпаздары, спортшылар Ребека Андраде мен Эллисон Феликс, әнші Рэй, суретші Трейси Эмин, эко-белсенді Аденике Оладосу және жазушы Кристина Ривера Гарза бар.
Газа секторындағы, Ливандағы, Украинадағы және Судандағы қарулы қақтығыстар мен гуманитарлық дағдарыстардан бастап, қоғамдық өмірдегі поляризацияға дейін 2024 жыл әлемнің көптеген елдеріндегі әйелдер үшін қиын жыл болды.
BBC-дің 100 әйел жобасы бүкіл әлем бойынша әйелдердің жолдарында кезіккен барлық қиындықтарына қарамастан, олардың көпшілігі жергілікті қауымдастықтардағы ізашарлық рөлдерді атқара отырып, әлеуметтік өзгерістер мен климаттың өзгеруі үшін күресуді жалғастыратынын көрсетеді.
100 әйелдің қатарында дамыған елдермен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Мьянма, Судан, Сомали, Ауғанстан секілді елдердің танымал әйелдері бар. Қазақстаннан тізімге ешкім енбеген.