"Алматы жастары". Сағынтаев 5 млн қосты, Досаев әлі үнсіз

Жыл сайын наурыз айында өткізілетін «Алматы жастары» тұрғын үй алуға жеңілдікпен несие беру қалалық бағдарламасы биыл мерзімінен кешікті. Бұрынғы әкім Бақытжан Сағынтаев кезінде қарқынды жұмыс жасаған бағдарламаның жаңа әкім Ерболат Досаев келгенде неліктен басталмай жатқанын білу үшін қала әкімдігіне арнайы хат жаздық.

Ақниет Аманжолқызы

  • 28.04.2022

Редакцияға келген жауапқа сүйенсек, Қаңтар оқиғасына байланысты бағдарламаның басталу уақыты мамыр айына шегерілген.  

«Өзіңізге белгілі қаңтар оқиғаларына байланысты және Отбасы банкпен Бағдарлама шеңберіндегі құжаттардың дайындалуы мен қол қойылуы, құжаттар мен өтінімдерді қабылдайтын арнайы сайтқа өткізілген конкурс пен сайт әзірлеушілерімен жасалған келісім шарт және www.almaty-zhastary.kz. сайтын өтінімдер және құжаттарды қабылдау үшін дайындау бойынша жүргізілген жұмыстармен Бағдарламаның басталу уақыты мамыр айына шегерілді», - делінген әкімдік жауабында.

Әкімдік ақпараты бойынша, биыл өткен жылдағыдай кем дегенде 1000 адамға 18 миллион теңгеге дейін қарыз беріледі. Қарыз соммасы былтыр да осындай болған ескере отырып, біз үй сатып алуға арналған қосымшаларға кіріп, үй бағаларын салыстырып, бұл соммаға алуға болатын үйлерді көрдік. Бағдарлама шарттарына сәйкес келетін тұрғын үйлердің бағасы 14-15 миллионнан басталып тұр. Оның өзі қаланың ең шет аумақтарынан 30 кв метр көлеміндегі 1 бөлмелі пәтер. Былтырғы бағамен салыстырғанда қаланың шетінде орналасқан пәтерлердің құны кемінде 2-3 миллионға өскен.

Оқи отырыңыз: "Досаев келмейінше кетпейміз". Белсенділер алаңда түнеуге бел буып отыр

Оған қоса, ел бойынша инфляция көлеміне де қарап көрелік, былтыр наурызда инфляция 7%-ды құраса, биыл 9%-ға жеткен. Ресми ақпаратқа сүйенсек, тұрғын үй бағасының өсуі соңғы 8 жылдағы рекордтық пайызды көрсеткен. Жыл басынан бері есептегенде квадрат метрге бөлгендегі үй құны шамамен 5%-ға көтерілген. Ал Алматы қаласы баға өсуі бойынша Нұр-Сұлтан, Атырау, Талдықорғанмен бірге көш бастап тұр. Алайда бұрын Ұлттық банк төрағасы болған Ерболат Досаев басқаратын аппарат инфляцияны да, нарықтағы баға өсімін де ескермеген секілді.

Осыған дейін бағдарлама бойынша берілетін қарыз құны 2020 жылы 13 миллион болып, нарықтың өзгеруіне байланысты 2021 жылы 18 миллионға көтерілген. Ол кезде елдегі 2,2%-ға көтерілген.

Бағдарламаның шарттарына қатысты ақпарат та әлі толық жарияланған жоқ. Досаев кеңсесі бұрынғы әкім Бақытжан Сағынтаевтың кезіндегі шарттарды сақтап қалды ма белгісіз. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, бағдарламаға қатысу ережелерін Тұрғын үй саясаты басқармасы жария етуі керек.

Оқи отырыңыз: Чем известен новый аким Алматы Ерболат Досаев

Айта кетейік, Сағынтаевтың кезінде 2020 жылғы шарттар мен 2021 жылғы шарттарда біршама өзгерістер болған. Мәселен, 2020-да 5 жыл көлемінде Алматы қаласында тұрғын үйі болмаған адам қатыса алса, 2021-де Қазақстан аумағында тұрғын үйі жоқ адамдар қатысуы керек еді. Одан бөлек, конкурс кезінде берілетін баллдар жүйесінде өзгеріс болған. 2020-да әлеуметтік осал топтар, мәселен, мүгедектігі бар адамдарға автоматты түрде 5 балл қосылса, 2021-де бұл бөлім алынып тасталған.

Байланысты жаналықтар

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

Досаевпен кездесуде жанжал шығарған әйел «титушка» болып шықты

24.04.2025

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

11.04.2025

Елімізде бір жыл ішінде не қымбаттады?

01.04.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

27.03.2025
MalimBlocks
Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

Досаевпен кездесуде жанжал шығарған әйел «титушка» болып шықты

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

1-тоқсанда тұтынушылық сұраныс бәсеңдеген

Елімізде бір жыл ішінде не қымбаттады?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция туралы деректерді жариялады

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы тұру шаралары туралы жариялады