Алматыда «Ақ жол» демократиялық партиясының митингі өтті

Malim Админ

  • 10.03.2023

Алматыда «Ақ жол» демократиялық партиясының  митингі өтті. Жиынға партияның 700-ге жуық жақтастары мен белсенділері  жиналды. 

Партия төрағасы Азат Перуашев жиналғандардың назарын саяси бағдарламаның негізгі бағыттарына аударды:

- «Біз Парламенттік Республиканы жақтаймыз. Бір адам, тіпті ең дарынды болса да, елдегі барлық мәселені шеше алмайды. Бұл билік тармақтарын бөлу функциясы, тежемелік пен тепе-теңдік балансы, мұнда парламент пен мәслихаттар түріндегі өкілді органдар маңызды рөл атқаруы тиіс. «Ақ жол» партиясы дамудың еуропалық жолын, қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастағы еуропалық тәсілдерді, өмір сапасының еуропалық стандарттарын жақтайды», - деді ол.

Партия мүшелерінің мәлімдеуінше, Үкіметті сайлауда жеңіске жеткен партия жасақтауы керек. Сонда бұл партия өз Үкіметінің жетістіктері мен кемшіліктеріне де жауапты болмақ.

«Өткен 30 жылда бізде қаншама дағдарыстар, девальвациялар, әкімдер мен министрлер арасындағы жемқорлық даулары болды – үкімет ешқашан өз еркімен саяси жауапкершілікті мойнына алып, отставкаға кеткен емес.

Үкіметті парламенттік партия жасақтап, халық алдында есеп беретін кезде саяси жауапкершілік пайда болады.  Яғни, бұл ұлттық сенім үкіметі болмақ, - деді А.Перуашев.

Байланысты жаналықтар

Кімге сенерімді білмеймін: Асқар Садықовтың қызы ойын айтты

06.09.2024

«Ақ жолдың» ұстанғаны қай жол?! 

19.01.2023
MalimBlocks
Кімге сенерімді білмеймін: Асқар Садықовтың қызы ойын айтты

Данеля Садықова ел-жұртқа әнші Dequine ретінде танымал

«Ақ жолдың» ұстанғаны қай жол?! 

Азамат Әбілдаевтың мәселесі бүгін арнайы кеңесте қаралады