Аналар үш күннен бері Нұр-Сұлтан әкімдігіне түнеп жүр

Malim Админ

  • 25.02.2021

Бір топ әйел үш күннен бері Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне түнеуде. Олар талаптары орындалмайынша ешқайда кетпейтіндерін айтуда.

Аналар биліктен «ана мен баланың жағдайын жасауды», «көпбалалы аналарға үй беру», «лайықты жұмыс орындарын ашуды», «тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заң жобасын қайта қарауды талап етуде.

Белсенді ана Назира Мұқашеваның сөзінше, осы уақытқа дейін «Нұр Отан» партиясы берген уәделерінде тұрмаған. Билік партиясы аналар кездестіруді талап еткен депутаттарды шақырамыз деп, оларды ақырында орындамаған.

«22 ақпан күні «Нұр Отанда» болдық. Бізге сөз беріп, қолхат жазып, біз сұраған депутаттарды шақырып береміз деген. Бірақ ол (уәделерін – ред) орындаған жоқ. Сол себепті біз әкімшілікке келіп, осында қалып, қондық. Қайтпаймыз біз. Ары қарай Еуропарламентке арыз жазамыз деген ойымыз бар», - дейді Мұқашева.

22 ақпан күні «Нұр Отан» партиясына барған аналар «Депутаттар шықсын!», «Баспана!» деп ұрандатып, биліктен көп балалы аналарға баспана беруді және «әр балаға берілетін 10 000 теңге жәрдемақы мардымсыз» екенін айтып, оның мөлшерін 42 500 теңгеге өсіруді талап еткен. Сол уақытта «Нұр Отан» партиясының өкілі Дәулет Кәрібек шығып, наразыларға «талаптарыңызды жазбаша түрде қоғамдық тыңдау бөліміне қалдырыңыздар» деді. Бірқ аналар «жазбаша талапты сан рет жазғанын, одан ешқандай нәтиже шықпағанын» айтып, партия өкілінің ұсынысын орындаудан бас тартқан.

Жақында Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ермахан Ибраимов журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында болған қайғылы оқиғаға (бір отбасының бес бірдей қызы тірідей өртеніп кеткен) қатысты пікір білдірген.

Онда ол: «Бес баланы сыртынын жауып кетіп қалу, ол нағыз… Айтады ғой, түк көрмегендік», – деген.

Ибраимовтың бұл пікірі әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қызу талқыланып, ақпанның 22-і күні бір топ әйел мәслихат депутатын іздеп Алматы әкімдігіне барған. Кейіннен Ибраимов "Нұр Отан" партиясының ғимаратында аналармен кездесіп, "батыр аңғал келеді" деп ақталған.

Қазақстанда көп балалы аналар наразылығы 2019 жылдың ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында бір отбасының бес бірдей баласы тірідей өртеніп кеткеннен кейін басталған. Дәл осы жылы үкімет әр балаға 21 000 теңге жәрдемақы тағайындаған. Бірақ кейіннен жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек беру шартын өзгерткен. Аналар сол уақыттан бері үкіметтен әр балаға 21 00 теңге жәрдемақы беру әдісін талап етуде. Бірақ билік олардың бұл талабын орындамай келеді.

19 ақпанда Жамбыл облысының Жаңатас қаласында бір отбасының бес баласы өрт салдарынан қайтыс болған. Әкімдік мәліметінше, қайғылы оқиға болған күні балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы дүкенге шығып кеткен.

Байланысты жаналықтар

200 мыңнан астам астана тұрғыны тегін емделе алмайды

16.05.2022

Депутаттар “Нұр Отаннан” шығып жатыр

25.01.2022

"СК-Фармацияның" экс-басшысы сотталды

16.09.2021

Жаңатас Көлгіновтің отшашуын қайталады

12.07.2021

Қазақстан көше жөндеу үшін Қытайдан қарыз алмақ

30.06.2021

Сот түрмеде соққыға жығылған саяси тұтқынның өтінішін қанағаттандырмады

27.04.2021
MalimBlocks
200 мыңнан астам астана тұрғыны тегін емделе алмайды

217 мыңнан астам астаналық МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

Депутаттар “Нұр Отаннан” шығып жатыр

Семейлік екі депутат елдегі басқарушы партиядан көңілі қалғандарын айтып, өз еркімен партиядан кететіндерін мәлімдеді.

"СК-Фармацияның" экс-басшысы сотталды

Жаңатас Көлгіновтің отшашуын қайталады

Қазақстан көше жөндеу үшін Қытайдан қарыз алмақ

Сот түрмеде соққыға жығылған саяси тұтқынның өтінішін қанағаттандырмады