Әнұран айтылғанда орнынан тұрмаған журналистер сынға қалды

БАҚ өкілдері хабар таратып отырған

Malim Админ

  • 30.03.2023

 Мәжілісте Әнұран орындалғанда орнынан тұрмаған бірнеше журналисті көпшілік  (соның ішінде Vlast.kz және Bestimedia.kz сайтының тілшілері Тамара Вааль, Ирина Савостьянова) айыптап жатыр. БАҚ өкілдері Парламент үйінен хабар таратып отырған.   

Желі қолданушылары олардың бұл әрекетін  Мемлекеттік рәмізді  сыйламау, ұлттық құндылықты қастерлемеу деп бағалауда. Журналист Нұрбек Бекбау «Гимнді мойындамау – мемлекеттілігіңді мойындамау» деп жазба қалдырған.  «Жұмыс атқарып жатыр, алайда бір минут орнынан тұрып, құрмет көрсетуі керек еді» дейді қоғам белсенділері.  Тағы бір тарап Әнұранды менсінбеген тілшілерді заң алдында жауапқа тартуды талап етіп отыр. 

Ал енді бір топ «журналистердің әрекеті ешқандай да әбестік емес, бірінші кезекте тілші өзінің міндетін атқаруға тиіс» деп жазады.

Журналист Руслан Меделбек: «Бұл - журналистика әлемінде қалыпты жағдай, әріптестер. Журналист жаңалық жазып отыр, операторлар және фотографтар үлкен шара кезінде қолын жүрекке қойып тұра ма әлде кадр жинап, жұмысын істей ме? Тв журналист операторы «әнұранда қолымды жүрекке қойып тұр едім, кадр алмадым» десе ашуланары сөзсіз»,-деп жазды желідегі парақшасына.  Азаттық радиосының тілшісі Аян Қалмұрат «Журналист жұмыс істеп тұрып Әнұран шырқауға міндетті емес» деген пікір білдіреді.

Қазақстан журналистерінің кәсіби этикалық Кодексінде БАҚ өкілдерінің міндеттері көрсетілген.    

«Журналист Қазақстан Республикасының кэсіби этикасын сақтап жұмыс жасайды. Бұл Қазақстан Республикасындағы БАҚ жұмысында басты шарты болып табылады... Журналист өзінің қызметінде кәсібі, сөз бен ақпарат бостандығы, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық, этносаралық келісімді сақтау, ұлттық ақпараттық қауіпсіздік пен қоғамдық адамгершілік ахуал мүддесі үшін қызмет жасайды»,- деп жазылған.

Бұл жағдайға байланысты Vlast.kz редакциясы телеграм арнасында кешірім сұрады. "Власть әнұран ойнағанда орнынан тұрмай, жұмыс істеуін жалғастырған журналистің әрекетін құп көрмейді. Біз бұл үшін кешірім сұраймыз",-деп мәлімдеді.    

 

Байланысты жаналықтар

"Жарқын жүзді адам еді": Мысырда қаза тапқан әйел туралы айтылды

19.05.2025

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

11.05.2025

Журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

07.05.2025

Журналист Думан Мұхаммедкәрім 90 күнге карцерге қамалды

26.04.2025

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

24.04.2025

«Қазақ қыздары үшін»: Дина Төлепберген сайлауға түсетінін мәлімдеді

15.04.2025
MalimBlocks
"Жарқын жүзді адам еді": Мысырда қаза тапқан әйел туралы айтылды

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

Конституциялық заңға өзгеріс енгізіледі

Журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

Ол — еліміздегі алғашқы спорт арнасы «Қазспорттың» тұңғыш директоры болған

Журналист Думан Мұхаммедкәрім 90 күнге карцерге қамалды

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

«Қазақ қыздары үшін»: Дина Төлепберген сайлауға түсетінін мәлімдеді

Тележүргізуші ел күтпеген мәлімдеме жасады.