Ақталғыш Ахметов, Тоқаев жолдаған «сәлем» және Сқақовтың тағдыры

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке «сәлем» жолдады. Ол ШҚО әкімінің осыдан бірнеше күн бұрын айтқан сөзіне кереғар пікір білдіріп, жылыту жүйелеріндегі ақауға тек үкімет қана емес, әкімдер де кінәлі екенін айтты.

Алмас НҮСІП

  • 12.12.2022
Қ.Тоқаев, Д.Ахметов, Ә.Сқақов / Фотоколлаж: Malim.kz / Суреттер ашық дереккөздерден алынды.

Өткен аптада ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддердегі апатқа байланысты жиын өткізген. Ол онда Риддер қаласындағы жылу электр орталығындағы апатқа энергетика министрлігін айыптай сөйлеген.

«Дер кезінде ЖЭО жылыту маусымына дайын емес екендігі жайлы, ондағы құрылғылардың ауыр жағдайы туралы дабыл қағудың, прокуратураға және басқа да органдарға жүгінудің орнына, ведомство бірнеше кішігірім әкімшілік айыппұлдармен шектелген. Бұны мен әрекетсіздік және немқұрайлық дер едім. Ведомство өзінің әрекетсіздігімен 60 мыңға жуық халқы бар қаланы қиын жағдайға душар етті. Мен мұндай жауапсыз, өз ісіне немқұрайлы қарайтын шенеуніктерге мемлекеттік қызметте орын жоқ екеніне сенімдімін», – деген Ахметов.

«Немқұрайлы шенеуніктерге мемлекеттік қызметте орын жоқ», деп, министрліктің жергілікті өкілдеріне мораль оқыған және бүкіл бір ведомствоны кінәлаған Ахметовтің бұл мәлімдемесіне Энергетика министрі Болат Ақшолақов жауап берген жоқ. Есесіне, министрліктің ШҚО-дағы өкілі – ҚР Атомдық​ және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті департаментінің басшысы Еркебұлан Сергебаев «біз білген жоқпыз», деп, бар кінәні «4-ші және 5-ші қазандықтардағы ақау туралы ведомстводан жасырып қалған» ЖЭС басшылығына аудара салды.

Облыс әкімі  министрлікті, министрлік станция басшылығын кінәлаған бұл тізбекке енді президент қосылды. Бір қызығы, президент Ақшолақовты «немқұрайлысыңдар» деп кінәлаған Ахметовтің өзіне «немқұрайлылық» бойынша ренжіп отырған сияқты. Ол өзі төраға ретінде қатысқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Екібастұздағы жағдайды айта келіп, Риддер мен Шемонаиха қалаларындағы жағдайға тоқталды.

«Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер мен Шемонаиха қалаларындағы жылумен қамту жүйелері толықтай тозып біткен. Мен үкіметке энергия объектілерін дер кезінде қалыпқа келтіруді бақылауға алу туралы тапсырма бердім. Әкімдіктер де өздігінен шеше алмайды, бәрін үкіметке сілтейді. Бұл сіздердің де нысандарыңыз, сіздердің жауапкершілік аймағыңыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев бұл сөзді Ахметовтің мәлімдемесі үшін арнайы айтты ма, әлде, жалпы жағдайға қарап берген бағасы ма, оның аса маңызы жоқ. Маңыздысы, жақында ғана өзі қайта тағайындаған ең кәрі әкім басқарып отырған облыстағы жағдайға ерекше тоқталуы және кәрі тарлан Ахметовтің өзіне «жауапкершілік аймағы» туралы ескерту жасауы. Президент жолдаған «сәлемнен» кейін, бұған дейін министрлікті ғана кінәлап келген Ахметов енді өзі басқарып отырған әкімдік өкілдеріне де «тәйт» деп қоятын шығар. Тіпті, өзі айтқандай, немқұрайлылық танытқаны үшін өз кадрларының да мемлекеттік қызметтегі орны туралы ойлана бастар...

Айтпақшы, Ахметов осыдан бір ай бұрын, апат енді болып жатқанда ЖЭС-ті қаланың коммуналдық меншігіне қайтару туралы жұмыс істеп жатқанын айтқан. Бұл да сол кездің өзінде «біздің тікелей қарамағымызда болмаған соң осылай болды» деп, ақталуға тырысуы еді. Қысқасы, Риддердегі апат қайталанса, Ахметовті де Павлодар облысының бұрынғы әкімі Әбілқайыр Сқақовтың тағдыры айналып өтпеуі мүмкін. Өйткені, бүгінгі баяндамасында Тоқаев «Екібастұздағы жағдайдан кейін облыс әкімінің орнынан кеткеніне» ерекше мән бере сөйледі. 

Байланысты жаналықтар

Су басқан үйден ер және әйел адамның мәйіті табылды

16.02.2023

Депутат кім болуы керек?  Парламентке әртістер қажет пе?  

09.02.2023

«Жыр» болған LRT құрылысы аяқталатын секілді

02.02.2023

Трактор құлаған мұз өткелде көлік қозғалысы басталды

01.02.2023

Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек – Тоқаев

26.01.2023

Тоқаев Сенат төрағалығына Әшімбаевты қайта ұсынды

26.01.2023
MalimBlocks
Су басқан үйден ер және әйел адамның мәйіті табылды

Оқыс оқиға Екібастұз қаласында болған

Депутат кім болуы керек?  Парламентке әртістер қажет пе?  

Елдегі ерінбегеннің бәрі депутат болудан дәмелі

«Жыр» болған LRT құрылысы аяқталатын секілді

Үкімет қосымша 20 миллиард теңге бөлген

Трактор құлаған мұз өткелде көлік қозғалысы басталды

Мұз қалыңдығы 22-25 сантиметр

Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек – Тоқаев

Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады

Тоқаев Сенат төрағалығына Әшімбаевты қайта ұсынды

Әшімбаев бұл лауазымда 3 жыл отырған