Аркадагтың баласы Тоқаевтан озып кетті

Түркіменстан сайлау комиссиясы елдегі президент сайлауында Сердар Бердімұхамедов жеңіске жеткенін хабарлады. Комиссияның қорытындысы бойынша сайлаушылардың 72,97 пайызы жас Бердімұхамедовтың кандидатурасын қолдаған.

Ақниет Аманжолқызы

  • 15.03.2022

40 жастағы Сердар Бердімұхамедов елдің бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің үлкен ұлы. Осыған дейін Ашхабад әкімі, Мәжіліс төрағасы, премьер-министр орынбасары болған.

Биыл 11 ақпан күні үлкен Бердімұхамедов парламенттің жоғарғы палатасында өткен отырыста өзінің отставкаға кетіп, «жастарға жол беретінін» айтқан. Оның алдында ел конституциясына өзгеріс енгізіп, президенттікке үміткер болуды 40 жасқа дейін түсірген. 12 ақпан күні сайлау 12 наурызға белгіленіп, екі күннен кейін яғни 14 ақпанда Түркіменстан демократиялық партиясының съездінде бірауыздан жас Бердімұхамедов кандидатурасы ұсынылған.

Айта кетейік, осыдан бұрынғы 2017 жылы болған президент сайлауында Гурбангулы Бердімұхамедовті сайлаушылардың 97,69 пайызы қолдаған. Жас президентті қолдаушылар саны әкесімен салыстырғанда 25 пайызға аз. Алайда бұл Орталық Азия елдеріндегі ең төменгі көрсеткіш емес. Қазіргі басшылар арасынан ең аз дауысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев (2019 жылғы сайлау - 70,96%) жинаған. Ең көп дауыс Тәжікстан лидері Эмомали Рахмон да (2020 жылғы сайлауда - 90,9%), екінші орында Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев (2021 жылғы сайлауда – 80,12%), үшінші орында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров (2021 жылғы сайлауда – 79,2%).

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады