«Әркім өз қамын ойлайтын заман» – «Алтын» тауып алған Әубәкіров

Кешелі бері тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің президент Қасым-Жомарт Тоқаев туралы сөзі талқыланып жатыр.

  • 07.10.2022
Т.Әубәкіров / Фото ашық дереккөзден алынды

Билікке деген өшпейтін симпатия

Көзқарасы жиі өзгеріп тұратын, бірде билікті мақтайтын, бірде жамандайтын, бірде «мені ғарышқа ұшырған Дінмұхамед Қонаев» десе, енді бірде «Назарбаев мені ғарышқа ұшыру үшін Одақтан кеш шықты», дейтін ғарышкер кешелі бері елдің аузында жүр.

«Бұл кісінің тазалығы ерекше. Бұл кісінің білімі басқаша. Бүкіл басқа мемлекеттердің басшыларына қарасаң, бұл кісі сөйлегенде бәрі де аузын ашып отырады. Бұл кісінің дипломатия деген дәрежесі, сапасы өте жоғары. Бұл кісінің алдына қойған бағдарламасы – бәрімізді біріктіру. Бірлік. Міне, біздің қолымызға, алақанымызға алтын түсті. Сол алтынның қадірін білейік. Жоғалтып алмайық», - деді ол Тоқаевтың қатысуымен өткен халықтық колалицияның (қолдаушылар форумы) жиынында.

2012 жылы «Президенттіміздің арқасында халықтың құрметтіне бөлендім», - деп, Назарбаевты мақтаған Тоқтар Әубәкіров Тоқаев туралы жайдан жай бұлай сөйлемесі анық.  

Былтыр ғана 75 жасқа толған Совет одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы билік тарапында жоғарғы қызмет те істеді, кейін оппозицияға да өтті. Оппозициядан кетіп, үнсіз қалған кездері де болды.

1992 жылы Қорғаныс комитеті басшысының орынбасары болып тағайындалған. Ол кейіннен осы кезең туралы екінші мәрте ғарышқа ұшқысы келгенде Назарбаевтың оны аман сақтап қалу үшін оның шешіміне болғанын айтқан. Ұлттық ғарыш агенттігінің алғашқы директоры, Назарбаевтың ғарыш, қорғаныс саласы бойынша кеңесшісі...

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында осындай қызметтер атқарған Әубәкіров осыдан кейін мәжілісте билікті сынай бастады, ақыры, оппозиция қатарына өтті. Бірақ, көп жағдайда Назарбаевты сырттай сынап жүргенмен, оған деген ішкі симпатиясын жасыра алмай қалатыны байқалатын.

Жоғарғы кеңес бір тарап, қайта құрылып, қайта тарап, ақыры парламентке ауысып жатқан кездерде үш мәрте депутат болған Әубәкіровтің саяси жолы сол кездегі көп шенеуніктердің өсу, өрлеу жолына қатты ұқсайды. Қазақстан шенеуніктері осы бір аумалы-төкпелі кезеңде билікке жетіп, кейіннен сол биіктен түспеуге, ол үшін Назарбаев билігінің ұзақ тұруына мүдделі болды.

Оппозиционер ғарышкер

2004 жылы өзін өзі ұсынып, сайлауға қатысып, депутат болған Әубәкіров 2007 жылы Парламент тарап кеткенде қайта сайлауға түспеді. Онысын «ешқандай партияға мүше болғым келмейді», деп түсіндірген. Бірақ, 2009 жылы ЖСДП-«Азат» партиясы құрылғанда (қосылғанда) шыдап отыра алмай, «өз партиямды енді таптым» деп жар салды.

Осыдан кейін үш жылға жуық уақыт оны оппозиция өкілі ретінде жиі көретін болдық. Жақтастарымен бірге Қарқаралыға барған кезі оның саяси күрес жолындағы ең бір атақты оқиға болды деуге болады. «Өз ауылыма кіргізбей қойды, баяғыда сыймай кетіп еді», деп, қатты өкпелеп кеткен Әубәкіровтің бұл ренішін партия барынша пайдаланып қалуға тырысты. Дегенмен, атақты ғарышкер анау айтқандай реакция туғыза алмады.

Оқи отырыңыз: «Назарбаевтан басқа лайық адам жоқ» – Бұлбұлдар басқаша сайрай бастады

Болат Әбілов, Балташ Тұрсымбаев бастаған партияластарымен қосып, көлікке күштеп отырғызып, қайтарып жібергенде полиция қызметкерлеріне «сендер қазақ емессіңдер, итсіңдер бл... Біз әлі кездесеміз», деп, ашына атқа қонған ғарышкер-оппозиционер көп ұзамай мүлде күтпеген жерден шықты.

«Азат» ЖСДП атынан сайлауға түсіп, өзі емес, партиясы өте алмай қалған соң, қайтадан аунап түсіп, президенттің командасында болғысы келетінін айтқан Әубәкіров, тіпті, ЖСДП-«Азат»-ты сынап та тастады. Халықаралық ұйымдар әділ өткен жоқ деп жариялаған президент пен парламент сайлаулары туралы мүлде басқа реңде мәлімдеме жасап, Назарбаев туралы «халық өз көшбасшысын жақсы көреді», деп салды.

Оның бұл әрекетін жұрт сан-саққа жүгіртті. Бұрынғы жақтастары, оппозиция өкілдері билік тарапынан оның ұлына қысым көрсетілгенін айтып жүрді. Бірақ, Әубәкіров көп өтпей «Қазақстан темір жолы» президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Осыдан бастап, Әубәкіров феномені билікте де, оппозицияда да көп айтылмайтын болды. Ғарышкердің өзі де көрінбей кеткен.

Ұшқыш Тоқаев дәуірінде

2019 жылы бір жылдай жұмыссыз жатқан Тоқтар Әубәкіров президент сайлауы өтетін жазда бір көрінді. Астанада белсенділер өткізген «Президент сайлауына байкот жариялау» туралы құрылтайға келіп, жиналғандарды сабырға шақырып, байкот жариялауға қарсы екенін айтам деп, жұрттың наразылығына ұшырады.

Саясатқа қызбалықпен келген, қызбалықпен кетіскен, сабасына түскенде басқаша сөйлей салатын Әубәкіровтің иір-қиыр жолын «ол саясаткер емес қой», «батыр – аңғал деген сол» деген ләммен ақтап алуға тырысатындар да бар.

Ертеректе оппозициядан бас тартып, Назарбаевты таңдағанда оппозицияға көңілі қалғанын бір айтқан ғарышкер одан кейін билік тарнзиті тұсында да БАҚ-тардың біріне «бәрі "ояну керек" дейді. Бірақ ешкім оянбайды. Әркім өз қамын ойлайтын заман болды. Саусақпен санарлықтай адам ғана көшеге шығады, айғайлайды, сонымен бітті», – деп, жауапкершілікті тағы да оппозицияға, халықтың өзіне жапқан.

Қыркүйек айында ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұшқышты жеке қабылдаған. Онда да Әубәкіровтің президент жолдауына жақсы пікір айтқаны, қолдау білдіретінін білдіргені хабарланған. Былтыр ғана Тоқаев Әубәкіровтің «тарихи ерлігі жайлы» Twitter-ге пост жазған.

Бұрын қысым көрсетіпті деп ақтайтын, одан беріде қанша су ақты, қанша уақыт өтті, соңғы кезде саяси амбициясын білдірмей, тыныш қана жүрген ғарышкердің аяқ асты мұнша таусылып сөйлеуінің себебін тап басып айту қиын. Әлде 2012 жылғыдай тағы бір кеңесшілік қызмет бұйырып қала ма?..

Байланысты жаналықтар

«Жалғыздығын сездім». Тамара Асар Назарбаевпен кездескенде неге жылағанын айтты

02.12.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесшісі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

29.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Албания президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

29.11.2024

Астанада өтетін ҰҚШҰ саммитіне 5 елдің басшылары қатысады

26.11.2024

Елімізге мемлекеттік сапармен Ресей Президенті Владимир Путин келетін болды

25.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

19.11.2024
MalimBlocks
«Жалғыздығын сездім». Тамара Асар Назарбаевпен кездескенде неге жылағанын айтты

Әнші тұңғыш президентпен өткен кездесуді еске алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесшісі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Албания президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Астанада өтетін ҰҚШҰ саммитіне 5 елдің басшылары қатысады

Армения өкілдерінің есімдері аталған жоқ

Елімізге мемлекеттік сапармен Ресей Президенті Владимир Путин келетін болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді