Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанаға Садыр Жапаров келді

Саясат
Астанаға Садыр Жапаров келді

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров 3-4 шілде аралығында өтетін ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Елорда әуежайында Қырғызстан Президентін ҚР Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов қарсы алды. 

Қазақстан мен Қырғызстан берік одақтас ретінде екіжақты өзара қарым-қатынас орнатып, елдер арасында оларды тереңдету және кеңейту туралы тиісті шартқа қол қойылған.

Өзара тауар айналымы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2019-2023 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 67,3%-ға артып, $1 572 млн-ға жетті.

ШЫҰ саммиті аясында Орталық Азия бойынша, оның ішінде энергетика, қауіпсіздік және басқа да салалардағы әлемдік ынтымақтастық мәселелері қозғалады.

Фото: Үкімет

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу