Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ахметжанов Қаңтар оқиғасында ұрланған 2 мың қаруды әлі таппай жүр

Саясат
Ахметжанов Қаңтар оқиғасында ұрланған 2 мың қаруды әлі таппай жүр

«Қазіргі таңда қылмыскерлердің қолында қару-жарақтың қомақты арсеналы бар. Бұл аса қауіпті жағдай екенін білеміз. Қылмыскерлер қаруды кез келген уақытта бейбіт тұрғындарға қарсы қолдануы мүмкін», - дейді ІІМ тергеу комитетінің бастығы Санжар Әділов.

Қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкендері ме құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарынан 2900-ден аса қару мен 63 180 оқ-дәрі ұрланған.  Оның ішінде 35 гранатомет, 8 пулемет, 268 автомат, 17 винтовка, 594 пистолет, 98 арнайы қару мен 239 травматикалық пистолет бар.

Осы кезге дейін полиция 215 ұрланған қаруды сақтау фактісін анықтап, 721 қаруды және 11 мыңнан аса оқ-дәріні кері қайтарған. Оның ішінде 2 гранатомет, 43 автомат, 189 түрлі қару бар.

Бұдан бөлек, Қаңтар оқиғасы кезінде оқиға орындарынан 1 554 қару мен  39 мыңнан аса оқ-дәрі тәркіленген. Оның ішінде 10 гранатомет, 6 пулемет, 158 автомат, 348 пистолет, 113 арнайы қару, 216 травматикалық пистолет және тағы басқа қару-жарақ бар. 147 қаруды азаматтар өз еркімен тапсырған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу