Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Балаларды қырып бітетін болды». Маңғыстауда көз жұмған  сарбаздың анасы Тоқаевқа хат жазды

Саясат
«Балаларды қырып бітетін болды». Маңғыстауда көз жұмған  сарбаздың анасы Тоқаевқа хат жазды

Әскерде жүріп көз жұмған маңғыстаулық Еділ Тешебаевтың анасы Президентке хат жолдады.  Ол Маңғыстауда  шекара қызметінде әскери міндетін өтемек болған ұлының  өлімін   ашық тергеуді  талап етті.  Марқұмның анасы президенттің қабылдауын сұрап отыр.  

Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған хатта құрбанның анасы  ұлының суицидке барғанына сенбейді. Тепсе темір үзетін жігітті  өлімге   әлдекімдердің итермелегенін айтады. Қазір анасы бұл істің толық тексерілуін талап етіп отыр.

«Әскерге сау кеткен балаларымыз неге өлі қайтып жатыр? Қазақстандық жас балаларды қырып бітетін болды ғой! Балаларыңды әскерге жібермеңдер! Керек болса, бұлай бола беретін болса, әскерге сарбазды өзге елден шақырсын. Екі күн күттірмей, денесін кеспей әкеліп берсін! Балам хатта ақшадан қиналдым, сол үшін қол жұмсадым деп жазған. Әскерде жетпей жатқан қандай ақша? Егер қамтамасыз ете алмасаңдар, неге әкетесіңдер? Енді соңында өзінің ауруы бар екен деп жатыр. Ауруы бар болса, басында әскерге неге алды? Бұл істі жауапсыз қалдырмаймыз! Президент мырза, балам өлді деген хабар алдық. Ақшадан қиналдым деген хатын да алдық. Қабылдауыңызды сұраймын», – деді марқұм Е.Тешебаевтың  анасы үндеуінде. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу