«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов «АСТАНАТРАНСЭКСПРЕСС» ЖШС-нің құрылтайшысы екенін растады. Оның айтуынша, компания сенімгерлік басқаруға берілген және қазіргі уақытта ҚТЖ-мен де, мемлекеттік құрылымдармен де іскерлік байланысы жоқ.
«Компанияны өзім басқармаймын. Оның кірістері мен қызметіне арнайы басқарушы компания жауап береді. Сондықтан бұл жерде мүдделер қақтығысы жоқ, бәрі заң талаптарына сай рәсімделген», – деді ол Үкіметтегі брифингте.