«Балық басынан шіріп жатыр». Депутат Дайрабаев Бектеновке сауал жолдады

Сабина Асқарқызы

  • 05.02.2025

Мәжіліс депутат Жигули Дайрабаев елдегі балық шаруашылығында мәселелерді тізіп, премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Еліміз балық шаруашылығының айтарлықтай қуатты қорына ие.

Қазіргі кезде 1400 балық шаруашылығы субъектілері жыл сайын 50 мың тонна балық аулайды және оны өңдейтін 72 кәсіпорын жұмыс істейді, солардың ішінде тек 17-сі ғана жоғары стандарттарға сай болып тұр.Бұл саланы реттеп, оның дамуына серпін беретін мемлекеттік бағдарлама іске қосылғанымен, шешілмеген мәселелер жетерлік, - дейді Жигули Дайрабаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік зауыттардың, питомниктердің өндірістік базасы тозған, технологиялары ескірген, еңбек өнімділігі төмен және инновациялық белсенділігі әлсіз.

Жыл басында өңірлерге жасаған іс-сапарым кезінде бір топ балық өсірушілермен кездесіп, Атырау бекіре балық өсіру зауытының жұмысымен танысқан болатынмын.Бұл зауыттың өндірістік базасы 1970 жылдары салынған.

Сол уақыттан бері күрделі жұмыстар жүргізілмей, инновациялық технологиялар өндіріске енгізілмеген.Ал Петропавл балық питомнигі өткен жылғы су тасқыны салдарынан толықтай су астында қалған болатын, сол уақыттан бері оны қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілмеген. Қазіргі уақытта кәсіпорынның ғимараттары апатты жағдайда, әрі қарай жұмыс істеуге жарамсыз, - дейді депутат.

Балық шабақтары өсімін жасанды молайту жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын небәрі 4 мемлекеттік кәсіпорынның екеуінде осындай мүшкіл жағдай болып тұр дейді.

Мемлекеттік кәсіпорынға мемлекеттің көңіл бөлмегені қалай? Екінші мәселе. Кадр саясаты мен еңбекақы мөлшеріне қатысты.Қазіргі уақытта балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындарда шамамен 12 мыңға жуық адам қызмет істеп жүр.  Сол мамандарды даярлайтын бес жоғары оқу орындары бар. Бұл университтерде өткен жылы бөлінген 120 білім грантының тек 20-сы ғана игерілген.Жастарға бұл сала тартымды болып тұрған жоқ, себебі еңбекақы мөлшері аз және жұмыс жағдайы дұрыс ұйымдастырылмаған.Қатардағы қызметкерлердің айлығы 120 мың теңге, ал жұмыс орны қажетті құрал жабдықтармен толық қамтылмаған.Осы сұрақтарды қолға алатын, саланы ретке келтіретін бүгінгі күнге дейін комитеттің басшысыда әлі тағайындалмаған.«Балық басынан шіриді» деген мақалды осы жерде қолдануға болатын шығар. – дейді Жигули Дайрабаев.

Ол әлемдік тәжірибеге сүйенсек, Қытай елі балық шаруашылығы саласына 3,8 млрд, Жапония 1,2 млрд доллар, ал Канадада 1 балықшыға 5 700 доллар бөледі екен деп отыр.

 Ал бізде Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық салаға бөлген бюджет 646,6 млрд теңгені құрап отыр, оның 2,3 млрд теңгесі ғана балық шаруашылығына тиесілі. Ол барлық бюджеттің тек 0,4% ғана құрайды.Осыған қарап, Үкіметтің балық шаруашылығына деген көзқарасын байқауға болады. Осындай қарқынмен акваөсіру бағытын қалай дамытамыз?, - дейді депутат.

 Жоғарыда айтылғандарды ескере, келесі шараларды ұсынамыз.

  Біріншіден, Ұлттық экономика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік балық зауыттарымен питомниктердің материалдық-техникалық жабдықталуына ревизия жасап, нәтижесіне сәйкес мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында қаржыландыруды және субсидиялауды дұрыс жолға қою.

Екіншіден. Ауыл шаруалығы, Қаржы министрліктері қатардағы қызметкерлердің жалақы мөлшерін қайта қарап, оны көтеру бойынша жұмыс атқаруы қажет.

Үшіншіден. Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қолдауды барлық бағыттарға квота бойынша бір деңгейде бөлуі қажет, ол қаражат игерілмесе, оны саланың басқа бағыттарына беру керек.

Фото: Мәжіліс

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды

08.04.2025

Олжас Бектенов геология саласының мамандарына мемлекеттік наградалар табыстады

05.04.2025

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

28.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды

Олжас Бектенов геология саласының мамандарына мемлекеттік наградалар табыстады

Биылдан бастап геологиялық жұмыстарды қаржыландыру көлемі артады

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

Үкімет басшысы мәжілісмен Магеррам Магеррамовтың депутаттық сауалына жауап берді