БАҚ: Асқар Ақаев Бішкекке оралды

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 02.08.2021

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев Бішкекке ұшып оралды. Бұл жөнінде Kaktus Media басылымы хабарлады.

БАҚ-та жарияланған мәлімет бойынша, Асқар Ақаев ұлы Илиммен бірге тамыздың 1-і күні Бішкекке келген. Ол 2005 жылғы қызғалдақ революциясынан кейін Қырғызстанда болмаған. Илим Ақаев бұған дейін Бішкекке бірнеше рет келген.

Асқар Ақаев пен оның отбасының үстінен «Мээрим» қорына байланысты 30 қылмыстық іс қозғалған. Олар мемлекетке 64 миллион сом шығын келтірді деген айып тағылған. «Мээрим» қорын Асқар Ақаевтың әйелі Мейрам Ақаева басқарған.

8 шілдеде Қырғызстанның мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев Асқар Ақаевқа «Құмтөр» ісі бойынша іздеу жарияланғанын мәлімдеген. Ол 1990 және 2003 жылдары инвесторлармен «Құмтөрге» байланысты келісімшартқа отыру кезінде заң бұзушылықтар жасады деген күдікке іліккен.

2020 жылдың қараша айында Қырғызстан Бас прокуратурасы экс-президенттер Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевті экстрадициялауға байланысты келіссөздер жүргізуін жалғастыратынын мәлімдеген. 2019 жылы ведомства егер Асқар Ақаев Қырғызстанға келетін болса, онда оны тиісті органдар тергеп, іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін айтқан.

Байланысты жаналықтар

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

08.05.2025

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді

06.05.2025

Алматы облысында жер сілкінді

01.05.2025

Қырғызстан биыл 600 млн текше метрден астам су жіберетін болды

28.04.2025
MalimBlocks
Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

Бішкектегі парадқа 3 мың әскери қызметкер, ал Душанбеде 4,5 мың адам қатысып жатыр

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінді

Қырғызстан биыл 600 млн текше метрден астам су жіберетін болды