Баспасөз қызметі – мемлекеттік қызметкерлердің имиджін қалыптастырады

Астанада мемлекеттік органдар баспасөз хатшыларының семинары аяқталды.

  • 03.03.2023

 

Астанада мемлекеттік органдар баспасөз хатшыларының семинары аяқталды.

Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік билік, атқарушы билік пен халық арасындағы диалог алаңы десек, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің жұмысы маңызды мәнге ие болады. Бұған дейін талай мәрте айтылып жүрген мәселе – баспасөз қызметінің жұмысының жүйелілігі. Ақпарат құралдары қандай да бір тақырыпқа немесе туындаған мәселеге қатысты арнайы сұрау салады, сауал жолдайды. Мұндайда баспасөз қызметі тез арада жауап берсе, журналист мамандары үшін одан асқан сый жоқ. Ал, бюрократиялық кедергілер арқылы ресми жауап ұзаққа созылып кетсе, белгілі бір уақыт аралығында журналист жазбақ тақырыптың маңыздылығы жоғала бастайды. Осы мәселе бойынша журналистер де, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де мәселе көтеріп тұрады.

Осы мәселе төңірегінде арнайы семинар ұйымдастырылатыны бұған дейін хабарланған. Сол екі күндік семинар мәресіне жетті. Астана ​​қаласында өткен мемлекеттік органдар баспасөз хатшыларына арналған семинарды ұйымдастырушы – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Президентінің Баспасөз қызметі, Қазақстандық қоғамдық даму институтының «MediaLab» орталығы және M.NARIKBAYEV KAZGUU UNIVERSITY. 

Аталған семинардың мақсаты – мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларының біліктілігін арттыру және кәсіби машықтарын дамыту деп көрсетілген. Иә, бұл өзекті тақырып бойынша өткен екі күндік семинарда белгілі медиа және коммуникация мамандары қатысып, баспасөз қызметін жетілдіру, қоғам мен мемлекеттік органдар арасында байланысты жетілдіру, пресс-стратегия құру және мәтінмен жұмыс істеу, имидж қалыптастыру секілді  салалар бойынша тренингтер мен мастер-класстар өткізді.

Екі күндік семинардың ашылу салтанатына ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, «M.NARIKBAYEV KAZGUU UNIVERSITY» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев қатысып, сөз сөйледі.

Президенттің баспасөз хатшысы ретінде сөз сөйлеген Руслан Желдібай баспасөз қызметіндегі жұмыстардың маңыздылығын мен бұл саладағы басым бағыттарға тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ал, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі баспасөз хатшыларының мәртебесі туралы сөйледі.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Қазақстандық қоғамдық даму институты базасында MediaLab орталығы ашылды. Бұл орталық мақсаттарының бірі – коммуникация саласының мамандарының біліктілігін арттыру екенін атап өткім келеді. Бүгінгі семинар сол MediaLab орталығының алғашқы жобасы.

Медиа саласы – біздің қоғамның келбеті. Сіздердің қызметтеріңіз мемлекеттің беделін, мемлекеттік қызметкердің имиджін қалыптастырады. Сондықтан ел алдында абыроймен жүру, кәсіби, рухани тұрғыдан үнемі кемелденіп отыру біздің күн тәртібімізден түспейтін мәселе болуы керек», - деді министр.

Ұйымдастырушылар баспасөз қызметінде жұмыс істейтін мамандарды арнайы дайындау керек екенін де айтып қалды. «M.NARIKBAYEV KAZGUU UNIVERSITY» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев:

«Қазір қоғамда баспасөз хатшыларына және коммуникация мамандарына сұраныс бар екенін байқап отырмыз. Сәйкесінше, алдағы уақытта дәл осы мамандарға арнайы оқыту курсын, яғни майнор ашу ниетіміз бар», - дейді.

Семинардың негізгі жүгі ұйымдастырылған тренингтер мен мастер-класстар екені түсінікті. Бұл тарапта ҚР Сыртқы істер министрлігінің экс-ресми өкілі Жанболат Үсенов, медиа және коммуникация саласының мамандары Дана Саудегерова, Алма Сайлауқызы, Ақсұлу Санғали, Яков Федоровтар арнайы тақырыптар бойынша тренинг өткізді. Имидж қалыптастыру,  әлеуметтік желілер арқылы қоғаммен байланыс орнату, кризистік коммуникация мен медиа менеджмент сынды тақырыптар аясында өткен тренингтерде спикерлер осы саладағы озық тәжірибелерін ортаға сала отырып, баспасөз қызметінің ерекшеліктеріне тоқталды.

«Семинардың екінші күні коуч, PR және кризис-менеджер Асқар Өтепқалиев, эмоционалды интеллект бойынша эксперт Әсел Мұратова, медиатренер, редактор Назгүл Қожабек және «Астана» халықаралық қаржы орталығының коммуникация бойынша басқарушы директоры Елена Пактың шеберлік сағаттарымен жалғасты. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіріп, сертификат табыстады», - деп хабарлады Қазақстандық қоғамдық даму институтының баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев елордадағы жаңа өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты

17.10.2024

Президент Astana Think Tank форумына қатысты

17.10.2024

Президент Тоқаев Ресей-Украина соғысы жайлы айтты

17.10.2024

Олжас Бектенов Исламабадта ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысты

16.10.2024

Қазақстан БРИКС құрамына кіре ме? Президенттің баспасөз хатшысы жауап берді

16.10.2024

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне бірқатар тапсырма берді

14.10.2024
MalimBlocks
Тоқаев елордадағы жаңа өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты

Президент Astana Think Tank форумына қатысты

Адамзат сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр

Президент Тоқаев Ресей-Украина соғысы жайлы айтты

Ресейдің әскери тұрғыдан жеңілмейтіні анық

Олжас Бектенов Исламабадта ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары кеңесінің 23-ші отырысында биыл шілдеде Астанада өткен саммит аясында мемлекеттер басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға назар аударылды.

Қазақстан БРИКС құрамына кіре ме? Президенттің баспасөз хатшысы жауап берді

Қазан қаласында 23-24 қазанда БРИКС саммиті өтеді

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне бірқатар тапсырма берді