Берік Әбдіғали - Ұлытау облысының әкімі

Malim Админ

  • 11.06.2022

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген. 1988 жылы Тараз қаласындағы №45 гимназияны бітірген.

1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

1994-1995 жылдары – ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері, 1995-1997 жылдар – ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары.

1997-1999 жылдарда ҚР Баспа және бұқаралық ақпарат ісі жөніндегі ұлттық агенттігінде, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде қызмет атқарды.

1999-2001 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2001-2002 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімінің орынбасары.

2002-2005 жылдары «Ақ жол» ҚДП Ұлттық зерттеулер институтының директоры, «Саяси ағарту қоры» ҚҚ президенті болып жасады.

2005-2006 жылдары – «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағында кеңесші, «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры.

2007-2008 жылдары – ҚР Президент Әкімшілігінде бас инспектор, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2008-2010 жылдары – «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» ҚҚ директоры. 2010 жылғы қаңтар мен 2012 жылғы қаңтар аралығында – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, Жезқазған қаласының әкімі.

2012 жылы – 1-ші Вице-Премьердің кеңесшісі.

2012 жылғы мамыр мен 2013 жылғы наурыз аралығында – Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі.

2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2016-2017 жылдары – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі, бас ғылыми қызметкер, ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи мұражайының бас ғылыми қызметкері, ҚР Қорғаныс министрлігі. 2017 жылғы мамыр мен 2019 жылғы мамыр аралығында – ҚР Ұлттық мұражайының «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, 2019 жылғы мамыр мен қазан аралығында – ҚР Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатының «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі.

2019 жылғы қазан мен 2021 жылғы қаңтар – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі болды.

2021 жылдан Парламент Мәжілісінің депутаты. 2017 жылы «Өңірлік және муниципиалдық менеджмент» мамандығы бойынша MBA дәрежесін РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Мәскеу қ.) қорғады. 10 кітаптың және қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы. «10 жыл Астана» (2008 ж.), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «20 жыл Астана» (2008 ж.), «Құрмет» орденімен (2017 ж.) марапатталған. Төсбелгілер – ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2016 ж.), ҚР МСМ «Мәдениет саласының үздігі» (2019 ж.).

Отбасылы, үш баласы бар.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Шенеуніктің ұлы Астанада лауазымды қызметке тағайындалды

29.11.2024

Президент Тоқаев әскери қолбасшыларды ауыстырды

26.11.2024

Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

15.11.2024

Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшілері ауысты

15.11.2024

Санжар Әділов - Ішкі істер министрінің орынбасары

11.11.2024

Бауыржан Жақып «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып тағайындалды

09.10.2024
MalimBlocks
Шенеуніктің ұлы Астанада лауазымды қызметке тағайындалды

Президент Тоқаев әскери қолбасшыларды ауыстырды

Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды

Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

2023 жылдың сәуірінен бастап бүгінге дейін Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарған

Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшілері ауысты

Словакия, Мексика, Родос және Мальта елдеріндегі жауапты тұлғалар арасында ауыс-түйіс болды

Санжар Әділов - Ішкі істер министрінің орынбасары

Жаңа қызмет иесінің міндеті – елдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы маңызды мәселелерді шешу

Бауыржан Жақып «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып тағайындалды