Бес айда 1275 есірткі қылмысы жасалған

Malim Админ

  • 11.11.2022

«Қарасора-2022» операциясы кезінде 9,7 тонна есірткі тәркіленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әмірханов айтты.        


«Биылғы 1 маусым мен 30 қазан аралағында «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Операция кезеңінде республика бойынша 1275 қылмыс тіркелді. Оның ішінде есірткі сатудың 667 (454) қылмысы, 178 заңсыз сақтау және есірткі өсірудің 245 дерегі анықталды», - деді Бақытжан Әмірханов.

Осы орайда ол полиция қызметкерлері 9,7 тонна есірткіні, оның ішінде 2,3 тонна марихуана, 200 келіге жуық гашиш, 113 келі синтетикалық есірткі, 7 тоннаға жуық қарасора тәркілегенін мәлімдеді.

Әмірхановтың  айтуынша, биыл тамыз және қыркүйек айларында Қызылорда және Түркістан облыстарының аумағында тікұшақтармен әуеден барлау жұмыстарын жүргізді. Осы орайда әуе көлігімен марихуана сақтаудың 2 фактісі, есірткі дақылдарын егудің 19 фактісі анықталды.

Сонымен қатар ол Жамбыл облысындағы жабайы өсетін қарасора алқабы 148 мың гектардан асатынын айтты. Бұдан бұрын хабарланғандай, қаңтар айынан бері 2,5 мыңға жуық есірткі қылмысы анықталған.  

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады